AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Дәрігерлер ауыр науқасты аяққа тұрғызды

Дәрігерлер ауыр науқасты аяққа тұрғызды

Медицина 30.10.2023, 05:20 1,247
Дәрігерлер ауыр науқасты аяққа тұрғызды
almaty-akshamy.kz

Сирек кездесетін жағдай: алматылық дәрігерлер жаңа технологиялардың көмегімен ауыр науқасты аяққа тұрғызды


Пациент Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген. Осыдан 10 жылдай уақыт бұрын оның жамбас буыны алмастырылған. Жарақат салдарынан цементсіз әдіспен бекітілген протез жамбас қуысына кіріп кеткен, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Аурухананың полижарақат бөлімшесі меңгерушісі Рамазан Әскеровтің айтуынша, протез ұршық ойығына кіріп кеткен. Салдарынан жамбас қуысы қатты зақымданған. Науқас бірден жан сақтау бөліміне жеткізілді.


Жағдайы тұрақтанғаннан кейін бөлімшеге ауыстырылып, клиника басшыларының қатысуымен консилиум өткізілді.



«Мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Біз екі кезеңнен тұратын ота жасау туралы шешім қабылдадық. Біріншісінде іш қуысы арқылы сынған протез бөлшектерін алып шықтық. Жағдайы жақсарғаннан кейін ревизиялық эндопротез орнаттық. Бұл ортопедиялық операция ішіндегі ең ауыр оталардың бірі болып саналады. Яғни, бір рет ота жасалған жерді тағы қозғап, операция жасадық. Травматолог-ортопедтер мен анестизиологтар командасының біліктілігінің арқасында күрделі ота сәтті өтті», - дейді Рамазан Әскеров.



Пациент отадан кейін екінші күні төсекте отыратын болды. Үшінші күннен бастап арнайы құрылғының көмегімен жүре бастаған.



«Бұл жоғары технологиялы операция. Пациенттің бұрынғы буынының орнына жасанды протез саламыз. Мұндай операцияларды барлық клиникалар жасай бермейді. Ол үшін арнайы дайындықтан өткен мамандар мен құрал-жабдықтар қажет. Оның үстіне, Қазақстанда эндопротездеу операцияларын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы тегін жасатуға болады», – деп қорытты дәрігер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #науқас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 12:03

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);