AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды: «Таза Қазақстан» - бұл азаматтық...

Дархан Сатыбалды: «Таза Қазақстан» - бұл азаматтық жауапкершілік пен қалаға деген сүйіспеншіліктің белгісі

Барлығы 30.06.2025, 20:51 1,074 Сұлу
Дархан Сатыбалды: «Таза Қазақстан» - бұл азаматтық жауапкершілік пен қалаға деген сүйіспеншіліктің белгісі
Алматы әкімдігі

«Әралуандықтағы бірлік» қағидатын жүзеге асыруда Алматыға ерекше жауапкершілік жүктелген.

Бұл туралыАлматы әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Қазақстан халқыАссамблеясының (ҚХА) Алматы қалалық филиалыныңсессиясында айтты. Ол Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың ҚХА-ның 34-сессиясында қойған міндеттерінорындаудағы негізгі бағыттарға тоқталды.

«Алматы еліміздің ең ірі қаласы әрі этномәдени өзараықпалдастықтың тарихи орталығы. Сондықтан бұлміндеттерді іске асыруда қалаға ерекше жауапкершілікжүктеледі. Қаланың этникалық әртүрлілігі, мәдени жәнебілім беру әлеуетінің жоғары деңгейі ұлттық бірліктіңүлгісін одан әрі дамытудың берік негізі. Әрбір алматылықөзін біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлігі ретіндесезінуі, елімен мақтанып, оның дамуына белсене атсалысуы маңызды», – деді әкім Дархан Сатыбалды.

Шаһар басшысы Алматыда жаңа заманауи әрікөпфункционалды Достық үйін салу туралы шешімқабылданғанын хабарлады. Қазіргі ғимарат заман талабынасай келмейді және қоғамдық-мәдени әлеуетін толық іскеасыруға мүмкіндік бермейді.

«Мемлекет басшысы Ассамблеяның 34-сессиясында қоғамдық келісім инфрақұрылымын дамыту қажеттігін атапөтті. Достық үйі мәдени өмір мен туризмнің тартылысорталығына айналуы тиіс. Алматыдағы Достық үйініңқазіргі жағдайы бұл мақсатқа толық сай емес. Сондықтанқазіргі заманға лайық жаңа Достық үйін салу туралы шешімқабылданды», – әкім Дархан Сатыбалды.

Әкімнің тапсырмасы бойынша тиісті басқармаларқысқа мерзімде жаңа нысан үшін ыңғайлы орынды анықтап, тұжырымдамасын әзірлеуге тиіс.

Сессия барысында мегаполис басшысы Ассамблеяныңақпараттық кеңістіктегі рөліне де ерекше назар аударды. Дархан Сатыбалды этносаралық құрмет, тіл және мәдениәралуандық мәселесінің БАҚ пен әлеуметтік желіде тұрақтытүрде жарияланып тұруы қажет екенін айтты.

«Ассамблеяның журналистер клубы республикалықжәне өңірлік жетекші БАҚ өкілдерінің араласуыменбелсенді медиаплатформаға айналуға тиіс. Сондай-ақэтникалық медиадағы мемлекеттік ақпараттық тапсырысарқылы қолдау мүмкіндігі қарастырылады», – деді Алматы әкімі.

Жастар арасында бейбіт диалог мәдениетін нығайтужәне қақтығыстардың алдын алу мақсатында Достық үйініңбазасында этномедиация бойынша оқыту семинарларыбасталады. Бұл іс-шаралар Ассамблеяның Медиация кеңесімен Жастар саясаты басқармасының қатысуымен өтеді.

Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды Мемлекетбасшысының Алматыда этностардың театр өнеріфестивалін өткізу жөніндегі тапсырмасын еске салып, Мәдениет басқармасына бұл бастаманы Мәдениет жәнеақпарат министрлігімен бірлесе әзірлеуді тапсырды.

Қала әкімі әртүрлі этностардың қазақ тіліне дегенқызығушылығы артып келе жатқанын жеткізіп, тілмәселесіне келгенде толеранттылықтың маңызын ерекшеайтты. Қалада мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндергеарналған тегін тіл клубтары мен онлайн платформаларжұмыс істейді. Этномәдени бірлестіктерге өкілдерін қазақтілін үйренуге үндеу ұсынылды. Тілді дамыту жәнеономастика бөліміне тілге деген құрметтің мәні туралыақпараттық науқан бастап, этносаралық араздыққа жолберілмейтіні жайлы түсіндіру жұмыстарын күшейтутапсырылды.

Қоғамдық тұрақтылық мәселесі де назардан тысқалмады. Қала аудандарының әкімдіктеріне этникалықтоптар тығыз қоныстанған аумақтарда тұрғындарменжүйелі жұмыс жүргізіп, Ассамблея құрылымдарымен өзараіс-қимылды нығайту жүктелді.

Сессия соңында Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық акциясының маңызын атапөтті. Бұл бастама азаматтық жауапкершілік пен туған қалағадеген сүйіспеншіліктің көрінісі екенін айтып, Ассамблея мүшелерін көгалдандырып, көркейтуге және экологиялықжобаларға белсенді қатысуға шақырды.

Әкім Президент тапсырмаларын іске асыру жолындағыбірлескен жұмыс Алматыда қоғамдық келісім мен орнықтыдамуды нығайта түсетініне сенім білдірді. Ассамблея мүшелерінің барлық сындарлы ұсынысы қаралып, мүмкіндігінше қолдау табатынын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);