AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды қатты зақымданбаған асфальтты ауы...

Дархан Сатыбалды қатты зақымданбаған асфальтты ауыстыруға қатысты ескерту жасады

Барлығы 08.06.2025, 09:51 904
Дархан Сатыбалды қатты зақымданбаған асфальтты ауыстыруға қатысты ескерту жасады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ақаусыз және қатты зақымданбаған жиектастар мен асфальтты ауыстыруға қатысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Дархан Сатыбалды Бостандық ауданындағы жобалардың жүзеге асу барысын тексерді:

 Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысындағы сквердің жалпы аумағы 4,16 га. Қазіргі уақытта тоған салынып, ұңғымалар бұрғыланып, инженерлік желілер тартылып жатыр. Әкім көгалдандыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Әл-Фараби даңғылы бойындағы Есентай өзеніндегі көпірді жаңарту жұмыстары 60% аяқталған. Жұмыстар жасыл желекті сақтау үшін уақытша тоқтатылған, жобаға тиісті өзгерістер енгізілген. Әкім нысанның құрылысы мерзімінде аяқталып, жағалау аймағының көркемдік келбеті сақталуға тиіс екенін ескертті.

 1 500 орындық мектеп құрылысы – әрлеу және көркейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқу жиһаздары жеткізілген. Мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.

 Торайғыров көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы – ХҚБ аясында жасалған. Жұмыс қазан айында аяқталады. Аумақ көгалдандырылып, тротуарлар, веложолдар, спорт және балалар алаңдары жаңартылып, жарықтандыру жүйесі жүргізіледі.

Гагарин даңғылында (Жандосов — Абай аралығы) көркейту жұмыстары аяқталды. Жаңа орындықтар қойылып, жарық шамдары орнатылған, спорт алаңдары мен суару жүйелері қалпына келтірілген.

Сөз соңында қала әкімі ақаусыз және айтарлықтай бүлінбеген асфальтты ауыстыруға байланысты ойын айтып, мұндай жұмыстар шынымен де қажеттілік туындаған кезде ғана жүргізілуі керектігін жауапты тұлғаларға қатаң ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Дархан Сатыбалды #асфальт #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика