Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды: «Мәселені шешкеннен гөрі алдын а...

Дархан Сатыбалды: «Мәселені шешкеннен гөрі алдын алған әлдеқайда маңызды»

Барлығы 13.08.2025, 11:11 699
Дархан Сатыбалды: «Мәселені шешкеннен гөрі алдын алған әлдеқайда маңызды»
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бостандық ауданының басшысымен бірге жиын өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым және әлеуметтік саладағы түйткілдерді талқыланды.

Аудан биылғы алғашқы жартыжылдықты жоспардан жоғары көрсеткішпен аяқтады. Жыл басынан аудан бюджетіне 708,8 миллиард теңге түсті. Бұл жоспарланған 663,5 миллиард теңгеден едәуір көп. Дегенмен, шаһар басшысы оң нәтиже қала өмірінің сапасын арттыруға деген назарды бәсеңдетпеуі тиіс екенін ескертті.

Әкім аппараты жүргізген талдау бірқатар жүйелі мәселені ашып көрсетті. Ауызсу, жол және әлеуметтік инфрақұрылым сияқты басты қажеттіліктерге қаржы жетіспейді, халықпен байланыс нашар. Тұрғындардың өтініші атүсті қаралады, бұл жергілікті билікке деген сенімді селдіретеді. 

Кейбір мектеп пен медицина мекеменнің жай-күйі, әлеуметтік нысандарды жаңарту мерзімінің созылуы, көшкін қаупі бар аумақтар мен өртке қарсы су жүйесін қамтитын кешенді қауіпсіздік шараларының болмауы да алаңдатады Ал қылмыс деңгейінің өсуі, соның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы заңбұзушылықтар, полицияның алдын алу шараларының әлсіз екенін аңғартады. 

Дархан Сатыбалды жауапты тұлғаларға анықталған мәселелерді жедел шешіп, нәтижесін қысқа мерзімде баяндауды тапсырды.

«Аппаратқа тапсырма бердім. Енді апта сайын жолдардың, тротуарлардың, абаттандыру мен инженерлік желілердің жағдайын бақылап отырамыз», – деді Алматы әкімі.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, қалалық қызметтің әрдайым алда жүріп, мәселенің алдын алу керек. 

«Сіздер бірдеңенің бұзылғанын күтіп отырасыздар, ал ол бұзылған соң: жобалық-сметалық құжаттама дайындаймыз, оған тағы бір жыл кетеді дейсіздер. Содан кейін тендер өткізесіздер, ал мердігер жауапсыз болып шықса, жұмыс тағы да тоқтайды. Ал сіз аудан әкімі болсаңыз, шешімін табуыңыз керек», – деді ол Бостандық ауданының әкіміне.

Қала басшысы бюджет қаражатын үнемді пайдалану қажеттігін және жұмыс жоспарлау кезінде алдын алу шаралары мен инфрақұрылымды уақытылы жаңартуды ескеру керек екенін де баса айтты.

Әкімнің тапсырмасы аясында Бостандық ауданында жыл соңына дейін су, кәріз, жылу және электр желілерін қайта жаңарту аяқталмақ. Бұған қоса, 3 мыңнан астам шам ауыстырылып, бұрын жарықсыз қалған көшелерге жаңа жарық бағандары орнатылады.
 
Кеңес аяқталған соң Дархан Сатыбалды тұрғындарды қабылдады. Кездесуде аудан халқы абаттандыру, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық қызмет сапасы жайын талқылады. Әр мәселе бойынша тиісті басқармалар мен аудандық қызметтерге нақты мерзім белгілей отырып тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика