AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды: көшелердің тиісті жағдайда болма...

Дархан Сатыбалды: көшелердің тиісті жағдайда болмауына аудан әкімдері жауапты

Барлығы 13.06.2025, 12:33 608 Сұлу
Дархан Сатыбалды: көшелердің тиісті жағдайда болмауына аудан әкімдері жауапты
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Келешек мектептері» жобасы аясында салынып жатқан мектеп құрылысын биыл тамыз айына дейін аяқтауды тапсырды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қала басшысы Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Медеу ауданын аралап, қаланың ірі аудандарының бірі ретінде оның дамуына арналған жобалармен танысты.

Сапар шығыс айналма жолының (ШААЖ) учаскесінен басталды. Мұнда жасыл аймақтарды тиісті күтіммен қамтамасыз ету үшін автоматты суару жүйесін күрделі жөндеуден өткізу мәселесі қаралды. 

Қала басшысы «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қаланы абаттандыру жұмыстарын тікелей өз бақылауына алатынын атап өтті. 

"Әр азамат мұндай іске жауапкершілікпен қарауы тиіс. Қазір көптеген кафе, мейрамхана, дүкен иелері айналасын тазалауға келгенде бұл істі әкімдікке сілтейді. Алайда тазалық бәрімізге ортақ міндет екенін ескеріп, бұл жұмысқа бәрі бірдей атсалысуы қажет", – деді Дархан Сатыбалды.

Медеу ауданына қарасты «Думан» шағынауданында халық санының өсуіне байланысты жаңа тұрғын үй кешендері бой көтеріуде. Осыған орай қалада тәулігіне 500 адамды қабылдай алатын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспары қарастырылуда. Әкім тұрғындармен кездесіп, жаңа емхана ашылғаннан кейін медициналық қызметтердің барлық санаттағы азаматтар үшін қолжетімді болатынын жеткізді.

Бұдан кейін қала басшысы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептің құрылыс алаңына барды. 2000 оқушыға арналған мектеп жобасында үш қабатты оқу ғимараты, жертөледе орналасатын асхана, акт залы, жеке автотұрақ пен спорт алаңы қарастырылған. Қала әкімі мердігер компанияға құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың тамызына дейін толық аяқтап, жаңа оқу жылында оқушылардың сабақты жаңа мектепте бастауын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жұмыс сапары кезінде Дархан Сатыбалды Кабылов көшесінде орналасқан, екі жылдан астам уақыт бос тұрған тоғыз ғимараттан тұратын кешенді көріп шықты. Бұл аумақта әлеуметтік нысандарға деген сұраныс жоғары. Осыған байланысты нысандарды коммуналдық меншікке өткізу арқылы тиімді пайдалану мәселесі көтерілді. Қала басшысы тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, бұл мәселені жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Сапар соңында қала әкімі «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының базасына барды. Кәсіпорын 361 шақырымдық көше-жол желісін қамтиды, 157 арнайы техникамен жабдықталған. Мұнда әкім қала ішіндегі жолдарды жыл бойы күтімдеу жұмыстарымен және таулы аумақтардағы жұмыстардың барысымен танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды көше-жол желісін тазалау жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Көшелердің күтімсіздігіне аудан кімдері тікелей жауап беретінін ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);