AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды Әуезов атындағы театрдың қайта жа...

Дархан Сатыбалды Әуезов атындағы театрдың қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты

Барлығы 17.06.2025, 09:26 864
Дархан Сатыбалды Әуезов атындағы театрдың қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты
Алматы әкімдігі

Алмалы ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында болды. Қазіргі уақытта мұнда кең ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Театрды жаңарту қажеттілігі оның техникалық жай-күйіне байланысты туындаған. Кейбір құрылымдар сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына сай келмеген, инженерлік жүйелер толық ескірген, ал ғимараттың қасбеті мен ішкі кеңістіктері әбден тозған.

Мердігер компания өкілдерінің мәліметінше, жобаның басты ұстанымы – театрдың тарихи келбетін сақтау. Осыған байланысты сыртқы қасбет қайта жасалып, ішкі әрлеу жұмыстары – аспашамдар, барельефтер, еден жабыны қалпына келтіріледі.

Бұған қоса, сахналық жабдықтар жаңартылып, техникалық бөлмелер заман талабына сай жабдықталады. Театр ішінде артистер мен қызметкерлерге арналған жаңа дайындық залдары, жұмыс орындары мен қойма қарастырылады. Қайта жаңғырту жұмыстарын театрдың 100 жылдық мерейтойына орай, 2026 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл өнер ордасы еліміз үшін маңызды мәдени нысан.

Дархан Сатыбалды театр маңындағы аумақты көркейту жобасымен де танысты. Жоба ұлттық нақышты сақтауға, музыкалық аспап бейнесіндегі шағын сәулет нысандарын орнатуға және сәндік алма ағаштарын егуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды #әкім #әуезов театр #театр #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);