Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды Алматы орталығындағы сыртқы жарық...

Дархан Сатыбалды Алматы орталығындағы сыртқы жарықтандыру нысандарын аралады

Барлығы 27.06.2025, 19:08 743
Дархан Сатыбалды Алматы орталығындағы сыртқы жарықтандыру нысандарын аралады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды орталықтағы көшенің жарықтандыру жүйесінің жай-күйімен танысып, кешкі уақытта бірқатар нысанды аралап шықты. Абай және Сейфуллин даңғылдары, Әйтиев көшесі, сондай-ақ Қазақ мемлекеттік циркі алдындағы алаңның жарық жүйесі басты назарда болды.

Жұмыс сапары барысында қала басшысына жарықтандыру жүйесін жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан және алдағы жоспарланған шаралар таныстырылды. Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбайдың айтуынша, ағаштың жапырағымен көлеңкеленетін аумақтарды жарықтандыру мақсатында қала көшелерінде ұзындығы 4 метрге дейін жететін кронштейндер орнатылып жатыр. Бұл шешім жарықтың біркелкі түсуіне, түнгі уақытта қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жасыл желекті сақтауға мүмкіндік беріп отыр.

«Абай даңғылының бойында ғана 293 кронштейн мен 634 заманауи жарық шамы орнатылды. Аллея бойындағы ағаштарды қосымша жарықтандыру үшін 253 прожектор қойылды», – деді «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік кәсіпорнының директоры Игорь Мысик. Оның айтуынша, мұндай жұмыстар Әуезов көшесінде де атқарылып, мұнда 30 кронштейн мен 170 шам орнатылған.

Сапар аясында қаланы жарықтандыруының арнайы жоспарын әзірлеу барысына ерекше мән берілді. Қазақ мемлекеттік циркі алдындағы алаңда пилоттық жоба көрсетілді: мұнда ескі тіректер жаңасына ауыстырылып, 15 жарық тірегі, 18 кронштейн және 450 метр кабель орнатылған. Шебер жоспар Алматының орталық бөлігін және негізгі көлік жолдарын қамтиды. Жобаны 2025 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

Сейфуллин даңғылы бойында да екіқабат ұзартылған кронштейндер орнатылып, жасыл желекке зиян келтірмей жарықтандыру деңгейін арттыруға мүмкіндік жасалды. Бұл учаскеде байланыс желілері тіректеріне 18 кронштейн мен 36 жарық шамы орнатылған.

«Жұмыс қашан басталды, қашан аяқталады және нәтижесі қандай болмақ дегендей маған нақты құжат керек. Атқарылған және алдағы жұмыстардың жай-күйін бағалау үшін барлығы көрнекі көрсетілген нақты графикті көргім келеді», – деді қала әкімі.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көше жарығын жаңғырту жұмыстарының әр кезеңін сапалы әрі уақытылы орындауды, сондай-ақ, қауіпсіздік, жасыл желекті сақтау және қаланың сәулеттік келбетін ескере отырып жүзеге асыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика