Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / COVID-19: Ұлыбританияда жаңа штамм, Ресей бір апта...

COVID-19: Ұлыбританияда жаңа штамм, Ресей бір аптаға жұмысты тоқтатады

Әлем 20.10.2021, 16:26 1,210
COVID-19: Ұлыбританияда жаңа штамм, Ресей бір аптаға жұмысты тоқтатады
Сурет: Тopspb.tv

Қазақстанның ірі мегаполистері мен төрт облысы «қызыл» аймақта тұр. Екпе салдырғандар саны ел тұрғындарының жартысына да жеткен жоқ.


Індетпен екі жылға жуық күресіп келе жатқан дүние жүзінің эпидемиологиялық ахуалы қандай екеніне шолу жасайық.


Ұлыбританияда коронавирустық инфекцияның кезекті толқыны өршіп, азаймай тұр. Бұл елде коронавирустың жаңа штамы анықталды. «AY.4.2» деп аталатын вирус коронавирус жұқтырған британдықтардың 10 пайызынан анықталып, әлемге тарап кету қаупі туындап отыр. Бір тәулік ішінде елде 43 738 жаңа инфекция жағдайы анықталды, COVID-19 диагнозымен 223 науқас қайтыс болды. Бұл 2021 жылдың наурыз айының басынан бергі өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі. Кешегі мәліметтерді ескерсек, Британиядағы коронавирус жағдайларының жалпы саны 8,4 миллионнан асып кеткен. Қыркүйек айында ел Үкіметі ересек тұрғындардың 70%-ын толық вакцинациялады, бірақ бұл індеттің төмендеуіне әкелмеді.


Иран Ислам Республикасы халықты иммундау үшін коронавирустық вакциналар қорының қарқынын арттыруда. Иранның қызыл жарты ай қоғамы елге COVID-19-ға қарсы импорттық вакциналардың 28-партиясын – 6 миллион қос дозаны жеткізді. Соңғы аптада бес партия импортталды, бұл шамамен 30 миллион вакцина жиынтығын құрайды. Жалпы алғанда, елге COVID-19-ға қарсы препараттардың 82 390 000 дозасы жеткізілді. Осы уақытта Иранның Денсаулық сақтау министрлігі 48 956 693 ирандық алғашқы дозаны алғанын, 25 156 987 адам толық иммундау курсынан өткенін мәлімдеді.



Ресей Федерациясындағы жағдай тіптен қорқынышты. Онда вирусты оқушылар мен жастар көп жұқтырған. Оған қоса, сырқаттанған қариялар саны да артып барады. Соңғы тәулікте 34 мыңға жуық адам вирусқа шалдығып, 1015 адам көз жұмды. Эпидахуалдың күрт ушығуына байланысты жергілікті билікті шұғыл шара қабылдауға мәжбүр болды. Осы ретте, бүгін Үкімет отырысында Владимир Путин жаңа шешім шығарды. Енді Ресейде 30 қазаннан бастап, 7 қарашаға дейін жұмыс күндері толық тоқтатылады. Бірақ қызметкерлердің айлығы сақталады. Сарапшылардың пікірінше, елдің бірде-бір аймағы вакцинацияның тиісті мөлшерін салдырмаған, соның кесірінен ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмады. Ресейде небәрі 47 558 639 адам толық екпе алған, бұл ел тұрғындарының үштен бір бөлігін ғана құрайды.



Чехияда тәулігіне 3,2 мыңнан астам коронавирус тасымалдаушысы анықталды. Бұл сәуірден бергі анықталған ең жоғары көрсеткіш болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде SARS-CoV-2 жұқтырғандардың жалпы саны 1 715 515-ке жеткен. Чехияда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны бүгінгі күні 30 574 адам болды. 102 науқас қарқынды терапия бөлімшелерінде ем алуда. Егер статистиканы салыстыратын болсақ, бір күн бұрын Чехияда тәулігіне 2,5 мыңнан астам жаңа коронавирус инфекциясы анықталды.


Джакартада вакцинацияланған азаматтардың коронавирусқа қарсы вакцинаның кем дегенде 1 дозасын алғандар көрсеткіші жақында 100%-ға жетеді. Нәтижесінде Индонезия астанасы ең көп қамтылған аймаққа айналды. Егде жастағы адамдардың 81,9% - ы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың 96,3% - ы, 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың 72% - ы коронавирусқа қарсы толық вакцинациядан өтті. Бірақ Үкімет атап өткендей, Индонезияның басқа аудандарында вакцинациямен қамту әлі де төмен және билік оның қарқынын арттыруға ниетті.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ковид #Әлем #Ресей #Иран #Ұлыбритания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан әуежайына 14 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін 17:47

1870-тен астам диқан егіс жұмыстарына ерте қаржыландыруға қол жеткізді

Бүгін 17:35

Қазақстандық ғалымдар сейсмикалық қауіпсіздікке арналған отандық технологияны сынақтан өткізіп жатыр

Бүгін 17:24

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 17:12

Қазақстанда күн күрт суытады: кей өңірлерде -40 градусқа дейін аяз болады

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі