AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Cirque du Soleil-дің әйгілі OVO шоуы алматылық көр...

Cirque du Soleil-дің әйгілі OVO шоуы алматылық көрерменді тәнті етті

Алматы Бүгін 15:35 56 yakiya
Cirque du Soleil-дің әйгілі OVO шоуы алматылық көрерменді тәнті етті
Самат Құсайынов

Канаданың әйгілі Cirque du Soleil цирк ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарына өзінің танымал OVO шоуын ұсынды. Қойылымның ресми премьерасы алдында БАҚ өкілдері мен арнайы шақырылған қонақтар үшін сахна сыртында жабық форматтағы экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қонақтар көрерменге қолжетімсіз аймақтарға кіріп, әртістердің дайындық барысын тамашалап, техникалық қызметкерлердің жұмысымен танысты және әлемдік деңгейдегі шоудың қалай әзірленетінін өз көздерімен көрді. Экскурсияны OVO шоуының ресми өкілі Жани Малле жүргізді.

– Cirque du Soleil 1984 жылы Канадада құрылған. Сол уақыттан бері біздің мақсатымыз – көрерменнің қиялын оятып, ерекше әсер сыйлау. Қазақстанға бұған дейін 2017 жылы келгенбіз. Ал биыл Алматыға бұрын-соңды көрсетілмеген OVO қойылымын алып келдік. Осында болғанымызға қуаныштымыз, – деді ол.

Жәндіктер әлеміндегі таңғажайып хикая

OVO – жәндіктер әлемі арқылы баяндалатын ерекше қойылым. Сахнада көбелектер, құмырсқалар, қоңыздар, шегірткелер, өрмекшілер мен басқа да ұсақ тіршілік иелері тіріліп кеткендей әсер қалдырады. Олардың оқиғалары арқылы махаббат, достық, өзгеріс және үйлесімді өмір сүру идеялары көрініс табады.

Қойылымның басты нышаны – жұмыртқа. Португал тілінен аударғанда OVO сөзі «жұмыртқа» деген мағынаны білдіреді. Оқиға арқасына жұмыртқа артқан көк шыбынның жаңа жәндіктер колониясына келуінен басталады. Көрермен басты кейіпкермен бірге таңғажайып әлемге саяхат жасап, оның тұрғындарымен танысады.

Қазақстанға шоу құрамындағы әртістер мен техникалық мамандардан тұратын 100 адамдық халықаралық команда келді. Ал сахнада әлемнің 25 елінен жиналған 53 әртіс өнер көрсетті.

Әуе гимнасы және көбелек бейнесін сомдайтын әртіс Артур Дудовтың айтуынша, OVO – адамдарды тілге бөлмейтін қойылым.

– OVO құрамында 25 елден келген 53 әртіс бар, олар 17 түрлі тілде сөйлейді. Бірақ біздің өнеріміз бәріне түсінікті. Мұнда нақты бір тілді білудің қажеті жоқ. Сондықтан қойылымды кез келген жастағы және кез келген ұлт өкілі тамашалап, түсіне алады, – дейді ол.

Ал оның жұбайы, көбелек рөлін сомдайтын Эсмира Кулиева өз нөмірінің техникалық жағынан ең күрделі қойылымдардың бірі екенін айтты.

– Біздің оқиға ең нәзік жаратылыстың өзі батыл әрі қайсар бола алатынын көрсетеді. Нөмірде ауада орындалатын күрделі элементтер мен үлкен күшті талап ететін комбинациялар көп, – дейді әртіс.

Мыңдаған детальдан құралған алып шоу

Экскурсия барысында журналистер Diabolos атты акробатикалық нөмірден үзінді көрді. Жарық пен көлеңкенің ерекше үйлесімі көрерменді ертегі әлеміне жетелейтіндей әсер қалдырды. Қойылымның ең ірі декорациялық элементі – ені 19,5 метр, биіктігі 9 метр болатын алып қабырға. Оның бойында қозғалып тұратын 13 алып жапырақ орнатылған. Сонымен қатар сахнада биіктігі бірнеше метрге жететін гүлдер мен өсімдіктер орналасқан.

OVO шоуының ауқымы костюмдер цехынан да байқалады. Барлық сахналық киім Канаданың Монреаль қаласындағы арнайы шеберханаларда тігіледі. Компанияның бас кеңсесінде шамамен 200 маман тек костюм әзірлеумен айналысады. Әр костюм нақты бір әртіске арнайы дайындалады. Гастроль кезінде олардың жағдайын бес маман тұрақты бақылап отырады. Бір ғана қойылымда шамамен 800 костюм элементі пайдаланылады.

Шоу логистикасы да таңғалдырмай қоймайды. Барлық жабдықты тасымалдау үшін 21 жүк көлігі немесе екі жүк ұшағы қажет. Команда өзімен бірге бес кір жуғыш машина мен үш кептіргіш алып жүреді. Әр көрсетілімнен кейін ондаған жуу циклі жүргізіліп, жүздеген костюм мінсіз күйде сақталады. Сондай-ақ қонақтар грим бөлмесін аралап, әртістердің сахна алдында көбелекке, шегірткеге, скарабей қоңызына және басқа да жәндіктерге қалай айналатынын көрді. Әр орындаушы кәсіби дайындықтан өткеннен кейін өз гримін өзі жасайды. Бұл жұмыс кейіпкерге байланысты 30 минуттан бір жарым сағатқа дейін созылады.

Тік тұрып қол соққан көреремен

OVO шоуының музыкалық құрамында жеті музыкант пен бір вокалист өнер көрсетті. Музыка қойылымдағы әр әрекетке бейімделіп орындалды. Сондықтан музыканттар мен дыбыс режиссерлері шоу барысында үздіксіз байланыста болды.

Кешкісін өткен ресми премьерада алматылық көрермен әлемнің көптеген елінде аншлагпен өтіп жүрген әйгілі қойылымды тамашалады. Акробатикалық шеберлік, әсерлі визуалды шешімдер, жанды музыка және ерекше сахналық атмосфера көрерменнің зор ықыласына бөленді.

Айта кетейік, OVO – Cirque du Soleil-дің ең танымал қойылымдарының бірі. Оны әлем бойынша 10 миллионнан астам көрермен тамашалаған. Бұл – компанияның 2017 жылдан бері Орталық Азияға алып келген алғашқы ірі жобасы және Қазақстанға жасаған екінші гастролі. Алматыдағы OVO премьерасы қаланың мәдени өміріндегі айтулы оқиғаға айналып, көрерменге әлемдік деңгейдегі өнердің жарқын үлгісін ұсынды.

Дана САДЫРҚАН

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Цирк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемінің жастарын қарсы алды: халықаралық кемпинг жұмысын бастады

Бүгін 16:30

New Vision Forum 2026: Қазақстан экономикасының жартысы 500 ірі компанияның үлесінде

Бүгін 16:13

Алматыда Асанәлі Әшімов театры «Мұғалім» драмасын сахналады

Бүгін 15:45

Алматы ТЖД туристерді тауға шығар алдында маршруттарын тіркеуге шақырды

Бүгін 15:09

Алматыдағы жаңа экологиялық талаптар туралы не білуіміз керек?

Бүгін 15:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);