конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Чайковский көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы жай...

Чайковский көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы жайлы бола түседі

Алматы Бүгін 14:58 40 Сұлу
Чайковский көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы жайлы бола түседі

Қазір Чайковский көшесінің Қазыбек биден Әйтеке би көшесіне дейінгі бөлігі жаңартылып жатыр. Аумағы 0,6 гектар болатын бұл шағын кеңістікті ұзақ уақыт бойы ретсіз транзиттік аймақ ретінде пайдаланып келген. «Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) бағдарламасы аясында жергілікті тұрғындардың бастамасымен бұл аумақ енді демалыс пен серуендеуге арналған толыққанды қоғамдық кеңістікке айнала бастады. Алмалы ауданының әкімі ӨКҚ баспасөз турында осы инфрақұрылымды жаңғырту жұмысының барысы туралы айтты.

Нысандағы жұмыс биылғы 8 мамырда басталыпты. Жобаны қаладағы тығыз құрылыстың арасынан тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін қолға алған. Аумақтың 0,4 гектарын көгалданады. Мұнда көгал төселіп, кеңістікті аймақтарға бөлу үшін көпжылдық бұталар егіліп жатыр. Бұған дейін болмаған автоматты суару жүйесі де орнатылмақшы енді.

0,2 гектар аумақта жаңа қатты жабын төселіп жатыр. Мердігер ұйым 985 шаршы метр сапалы тас төсеме мен 250 шаршы метр асфальт жабындысын төсейді. Жаздың аптап ыстығынан қорғану үшін көлеңкелік шатыр мен пергола орнатылады. Қараңғы аумақтарды жою мақсатында 400 метр кабель тартылып, 27 жаңа жарық бағанасы да орнатылады.

Жаңарған қоғамдық кеңістікті жергілікті тұрғындар қазірдің өзінде жоғары бағалап отыр. Қазыбек би көшесі, 85-үйдің тұрғыны Жанат Пүлібайқызы Ізжанованың айтуынша, абаттандырудан кейін аумақ тұрғындардың демалысы мен серуендеуіне әлдеқайда жайлы бола түскен.

«Біздің аула тұрғындардың сүйікті орны болатын, енді тіпті көркейіп кетті. Автоматты суару жүйесі орнатылды, ыңғайлы орындықтар қойылды, спорт пен балалар алаңы жаңарды. Абаттандырудың арқасында жер нағыз саябаққа айналғандай әсер қалдырады. Көп рақмет сіздерге!», – деді Жанат Ізжанова.

«Чайковский көшесі сияқты шағын аумақты абаттандыру жарықтың жетіспеуі, бүлінген тротуар мен жасыл желекті суару сияқты тұрғындардың күнделікті мәселесін шешуге сеп болмақ. Біз бос транзиттік аймақтардан бас тартып, адамдар көлеңкеде отырып тыныға алатын функционалды қоғамдық кеңістік қалыптастырып жатырмыз. Бұл – өз ауласы мен көшенің таза, жайлы болғанын қалайтын тұрғындардың нақты сұранысына берілген жауап», – дейді Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Қазақтелеком» АҚ басшылары телекоммуникациялық инфрақұрылым нысандарында көшпелі гемба өткізді

Бүгін 15:43

Қызметкерлердің денсаулығы – «Қазақтелеком» АҚ-ның басты басымдықтарының бірі

Бүгін 15:41

«Қазақтелеком» – «Kazakhstan Open» халықаралық таэквондо рейтингтік турнирінің бас техникалық серіктесі атанды

Бүгін 15:39

Ақтауда АҚ «Қазақтелеком» XI Спартакиадасы аяқталды

Бүгін 15:36

Қазақстанда бір аптада қияр, қырыққабат және картоп айтарлықтай арзандады

Бүгін 15:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);