Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың жаңа ең төменгі жеткілікті шегін (ЕТЖШ) жариялады. Шек бір жыл ішіндегі екінші рет өсіп отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Толығырақ
Енді зейнетақы жинағының артық бөлігін алу үшін 20 жастағы қазақстандыққа кемінде 6 670 000 теңге, 30 жастағы азаматқа – 9 750 000 теңге, ал 40 жастағы тұрғынға – 13 370 000 теңге керек.
Егер шоттағы сома бұл межеден аз болса, жинақты пайдалану мүмкін емес.
Жаңа жеткілікті шек
20 жас - 6 670 000 теңге;
21 жас - 6 960 000 теңге;
22 жас - 7 250 000 теңге;
23 жас - 7 540 000 теңге;
24 жас - 7 840 000 теңге;
25 жас - 8 150 000 теңге;
26 жас - 8 460 000 теңге;
27 жас - 8 770 000 теңге;
28 жас - 9 090 000 теңге;
29 жас - 9 420 000 теңге;
30 жас - 9 750 000 теңге;
31 жас - 10 090 000 теңге;
32 жас - 10 430 000 теңге;
33 жас - 10 780 000 теңге;
34 жас - 11 130 000 теңге;
35 жас - 11 490 000 теңге;
36 жас - 11 850 000 теңге;
37 жас - 12 220 000 теңге;
38 жас - 12 600 000 теңге;
39 жас - 12 980 000 теңге;
40 жас - 13 370 000 теңге;
41 жас - 13 760 000 теңге;
42 жас - 14 160 000 теңге;
43 жас - 14 560 000 теңге;
44 жас - 14 980 000 теңге;
45 жас - 15 400 000 теңге;
46 жас - 15 820 000 теңге;
47 жас - 16 250 000 теңге;
48 жас - 16 690 000 теңге;
49 жас - 17 140 000 теңге;
50 жас - 17 590 000 теңге;
51 жас - 18 050 000 теңге;
52 жас - 18 510 000 теңге;
53 жас - 18 980 000 теңге;
54 жас - 19 460 000 теңге;
55 жас - 19 950 000 теңге;
56 жас - 20 450 000 теңге;
57 жас - 20 950 000 теңге;
58 жас - 21 460 000 теңге;
59 жас - 21 970 000 теңге;
60 жас - 22 500 000 теңге;
61 жас - 23 030 000 теңге;
62 жас - 23 570 000 теңге.
Бір жылда екінші рет өсуі
Бұл – 2026 жылы жеткілікті шегінің осымен екінші рет өсуі. Қаңтарда 10 пайыз өсті. Ол кезде бұл үйреншікті, кезекті индексация болатын.
Сол жолғы өсімнен кейін зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану үшін қажет ең төменгі сома мынадай болған:
20 жастағылар үшін – 3,72 миллион теңге;
30 жастағылар үшін – 5,12 миллион теңге;
40 жастағылар үшін – 6,72 миллион теңге;
50 жастағылар үшін – 8,57 миллион теңге;
60 жастағылар үшін – 10,7 миллион теңге.
Жарты жылдан соң есептеудің жаңа әдістемесіне байланысты шекті деңгей тағы да жоғарылады.