Өзгеріс келесі оқу жылынан бастап енгізілуі мүмкін, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптардан кейін БЖБ мен ТЖБ-ны 5–9-сыныптарда да жоюды жоспарлап отыр.
Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Оның айтуынша, алдымен 5–9-сыныптардағы бағалау жүйесі қайта қаралады, кейін бұл тәсілді 10–11-сыныптарға енгізу көзделген.
Министр БЖБ мен ТЖБ-ның жойылуы оқушыларға қойылатын талаптар төмендейді дегенді білдірмейтінін атап өтті. Оқу процесінде балалардың жас ерекшелігіне сай тапсырмалар циклі сақталады.