конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Буындарды зақымдайтын полиартрит жас «талғамайды»

Буындарды зақымдайтын полиартрит жас «талғамайды»

Медицина 11.07.2025, 11:49 737
Буындарды зақымдайтын полиартрит жас «талғамайды»
Сурет: aqshamnews.kz

Буындарды қабындыратын ревматоидты артрит – этиологиясы белгісіз созылмалы аутоиммунды ауру.

Өткен ғасырдың 80-90 жылдарында бұл негізінен жастар (20-40 жас) дерті болып саналған. Бүгінде адам 50, 70 және 80 жасында да ауырып қалуы мүмкін. Ревматоидты артритпен кішкентай балалар да (негізінен 1 жастан 3 жасқа дейін) ауырады, бірақ ересектерге қарағанда жеңіл өтеді.

Бәрі қарапайым суықтанудан басталады. Әдетте алдымен жалпы әлсіздік, шаршау пайда болады. Біртіндеп оларға бұлшықеттердің ауыруы, тершеңдік, температураның жоғарылауы қосылады. Содан кейін буындар ауырсына бастайды. Ауру кез-келген буынға әсер етуі мүмкін. Тырнақтың сынғыштығы, қаңқа бұлшықеттерінің әлсіреуі, плевриттің дамуы, өкпе тіндерінің зақымдалуы да ықтимал. Олар ревматоидты түйіндердің пайда болуымен бірге жүреді және терінің астында тығыз шар түрінде сезіледі.Полиартриттің негізгі белгісі – саусақ буындарының симметриялы зақымдануы. Тек осы симптомға сүйене отырып, диагноз қоюға болады. Егер тізе буыны ауырса,  бұл басқа аурулардың белгісі болуы мүмкін. Екінші белгісі – таңертең оянған адам алақанын қыса алмай қалады.

Ревматоидты артриттің нақты себептері әлем бойынша әлі анықталмаған. Сыртқы әсердің нәтижесінде (вирустық инфекция, күйзеліс, суық тию немесе керісінше ыстық өту) иммунитет дұрыс жұмыс істемейді. 
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ №2 терапия бөлімшесінің ревматолог-дәрігері Маржан Абдуллаеваның айтуынша, полиартритті емдеу үшін қазіргі заманғы медицинада базистік терапияны (иммундық жүйе жасушаларының антиденелер өндірісінің белсенділігін төмендететін ем) пайдаланады. Бұл терапияның ерекшелігі – ем алғашқы күннен бастап және өмір бойы жүргізіледі. Науқас дәрі-дәрмекті үнемі қабылдауы керек. Мұндай жағдайларда ауру уақыт өте келе басылады және адамның өмір сүру сапасы жақсы жаққа өзгере бастайды. Емдеу аурудың белсенділігі мен ұзақтығына байланысты. Әр науқас үшін жеке емдеу схемасы таңдалады.

– Базистік препараттармен стандартты терапияның тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда гендік-инженерлік биологиялық терапия қолданылады.  Сондықтан негізгі терапиямен бірге ауырсынуды жеңілдету үшін тез әсер ететін стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, кейде глюкокортикостериодтар қолданылады. Ремиссияға жету үшін негізгі терапияны үздіксіз жүргізу маңызды. Бұл қыздырғыш гельдер, жақпа майлар болуы мүмкін, олар өте терең еніп, буынның өзіне әсер етеді, бірақ әсер ету үшін жақпа күніне екі рет қолданылуы керек. Стероидты емес препараттар қабынуды, ауырсынуды төмендетуі мүмкін, – дейді дәрігер.

Минералды сулар, емдік ванналар аурудың төмен белсенділігімен немесе ремиссиямен адам денсаулығына пайдалы әсер етеді. Сондықтан алдымен стационарда емделіп, содан кейін физиотерапиялық емдеуден өткен жөн (жарты жылда 1 рет), күн сайын арнайы емдік гимнастика жасап, жылына бір рет тірек-қимыл аппаратының аурулары емделетін шипажайға барған тиімді дейді дәрігер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#буындар #артрит #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы орман өртінің алдын алу жүйесін күшейтті

Кеше 16:58

Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 1 500-ге жуық заңсыз маңдайша алынып тасталды

Кеше 16:48

«Іле-Балқаш» резерватында 300 гектар аумақта өртке қарсы қорғаныс жолағы әзірленді

Кеше 16:44

Шарын ұлттық паркінде өрт жиілейтін уақытта соғды шағаны тоғайын қорғау жағы күшейтілді

Кеше 16:31

«Көлсай көлдері» ұлттық паркі өрттен дін аман

Кеше 16:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);