конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Бүгін – Тұңғыш Президент күні

Бүгін – Тұңғыш Президент күні

Тұлға 01.12.2021, 03:16 1,758
Бүгін – Тұңғыш Президент күні
Dalanews.kz

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні


Бүгін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап


Айтулы дата осыдан 10 жыл бұрын, нақты айтсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен бекітілген болатын.


«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізіліп, 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні деп белгіленді.


1991 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш Президенті ретінде қызметке кірісті. Аталмыш мерекенің 1 желтоқсан сайын тойлануында осындай мән бар. КСРО ыдыраған тұста тәуелсіздігін жариялаған Қазақстанның тұңғыш Президенті болғаны ескеріліп, сол тұста қолға алынып, жүзеге асқан түрлі бастамалар мен реформалар, мемлекет құру жолында жасалуы тиіс стандартты шаралардың бәрі Елбасы есімімен бірге аталып жүр.


Араға ғасырлар салып, мемлекеттілігін қайтарған қазақ елінің алғашқы басшысы болғанына орай, тұңғыш Президент ерекше құқыққа ие тұлға болып саналады. Оның тәуелсіздіктің елең-алаң шағында атқарған қызметі заңнамалық тұрғыдан жоғары бағасын алған. «Тұңғыш Президент», «Елбасы», «Ұлт көшбасшысы» деген ресми мәртебелері бар.


Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы орны туралы қалам тербейтін кейбір тарихшылар мен саясаттанушылар елдегі ең сүйекті жобалар мен елеулі тарихи оқиғалардың бәрінің бастауында Елбасы тұрғанын жазып жүр.


Атап айтсақ, ҚР Қарулы Күштерінің құрылуы, шекараның делимитациясы мен демаркациясы, ұлттық валюта – теңгенің айналымға шығуы, ел астанасының Алматыдан Ақмолаға ауыстырылуы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы, ұлттық алтын-валюта қорының құрылуы, Конституцияның бірнеше рет жетілдірілуі, Еуразиялық жэономикалық одақтың құрылуы және оған Қазақстанның мүше ретінде кіруі сияқты оқиғаларды Елбасының еңбегі ретінде бағалау үрдісі бар.


Қазақ елінің даму бағытын айқындап отырған «Қазақстан-2050» стратегиясы да Елбасының бастамасымен қабылданған. 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Президенттік өкілетін қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады. Осы оқиғаның аясында Астананың атауы Тұңғыш Президенттің атына Нұр-Сұлтан болып ауыстырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бүгін #президет #күні #желтоқсан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);