Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Бүгін Қазақстанның 11 аймағында көктайғақ болып, ж...

Бүгін Қазақстанның 11 аймағында көктайғақ болып, жел күшейеді

Өмір-өзен 14.11.2022, 02:00 1,621
Бүгін Қазақстанның 11 аймағында көктайғақ болып, жел күшейеді
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанның 11 облысында көктайғақ пен желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


14 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.


Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.


Солтүстікте, Шығыс Қазақстан облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыста, солтүстікте, орталықта секундына 15-20 метрге жетеді.


Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.


Батыста, солтүстікте, Абай облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.


Шымкентте оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді.


Атырау облысында батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді.


Батыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20, екпіні - 23 м/с.


Қостанайда 14 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші - 15-20, екпіні секундына 23-28 метр.


Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.


Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан 15-20, облыстың батысында екпіні секундына 23 метр болатын жел соғады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қар #жел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Бүгін 17:01

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Бүгін 16:15

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі