AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / БҚО-да жетінші "Жас сақшы" сыныбы ашылды

БҚО-да жетінші "Жас сақшы" сыныбы ашылды

Білім және ғылым 02.09.2026, 14:00 241
БҚО-да жетінші "Жас сақшы" сыныбы ашылды
ҚР Ішкі істер министрлігі

Жас сақшылар тәртіпті сақтауға, білімге ұмтылуға, Отанын сүюге және елге адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Білім күні БҚО Шыңғырлау ауданындағы Л. Қылышев атындағы мектеп оқушылары үшін ерекше жаңалықпен басталды. Білім ордасында "Жас сақшы" сыныбы ашылып, 16 оқушы оның алғашқы тәрбиеленушілері атанды.

Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Қадыржан Сағын арнайы қатысып, жаңадан ашылған сыныптың тәрбиеленушілерімен кездесті.

– "Жас сақшы" сыныбы – жай ғана білім алатын орта емес, тәртіпті, жауапкершілікті, Отанды сүюді және елге қызмет етуді үйрететін маңызды мектеп. Сыныпқа есімі беріліп отырған Шәкіржан атамыздың өмір жолы – сендер үшін үлкен өнеге. Отанын қорғап, кейін ішкі істер органдарында ел тыныштығына қызмет еткен азаматтың есімін алып жүру – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Осы сенімге лайық болып, жақсы оқып, елге пайдасы тиетін азамат болып өсіңдер, – деді ол жас сақшыларға.

Шара барысында оқушыларды "Жас сақшы" қатарына қабылдау және салтанатты уәде беру рәсімі өтті. Жас сақшылар тәртіпті сақтауға, білімге ұмтылуға, Отанын сүюге және елге адал қызмет етуге ант берді.

Бұл – Батыс Қазақстан облысында ашылған жетінші "Жас сақшы" сыныбы. Мұнда оқушылардың құқықтық сауатын арттырумен қатар, олардың бойында патриоттық сезім, жауапкершілік, тәртіп және азаматтық ұстаным қалыптастыруға басымдық беріледі.

Жаңа сыныпқа Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері, Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінде ұзақ жылдар қызмет атқарған Шәкірдан Гайнутдиновтің есімі берілді.

Шәкіржан Шамсутдинұлы Отан қорғап, кейінгі ғұмырын ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнаған. Ол "Даңқ" және "Отан соғысы" медальдарының иегері.

Салтанатты шараға арнайы келген ардагердің ұлы Яшнур Шәкіржанұлы әкесінің есімі берілген сыныптың ашылуына ризашылығын білдіріп, жас сақшыларға сәттілік тіледі.

Енді ардагер есімі берілген бұл сынып жас ұрпаққа тәртіп пен отансүйгіштіктің, елге адал қызмет етудің үлгісін насихаттайтын маңызды ортаға айналмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Кеше 17:31

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);