AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Bloomberg Алматыны әлемдегі үздік 25 туристік бағы...

Bloomberg Алматыны әлемдегі үздік 25 туристік бағытқа қосты

Барлығы 22.12.2025, 14:16 556 dulatbekova
Bloomberg Алматыны әлемдегі үздік 25 туристік бағытқа қосты
Сурет: Tribune.kz

Қазақстан әлемдік туристік картадағы өз позициясын нығайтып келеді.

Беделді халықаралық Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың тізіміне енгізді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Bloomberg Алматы қаласының туристік тартымдылығының тұрақты өсімін және оның жыл бойы сұранысқа ие бағыт екеніне назар аударады. Оның ішінде қалалық мәдениет, бай тарихи мұра, гастрономия және табиғи ландшафттарға жақындығы көрсетіледі.

«Орталық Азия даласында шығармашылық энергия қайнап жатыр. Елдің ең ірі қаласының танымалдығы артып келеді және 2025 жылдың 9 айында рекордтық 2,5 миллион адам болған. Кейбірі алтын күмбезді Зенков соборын, дәмдеуіштер, бал және жылқы етінен жасалған шұжықтар сатылатын Жасыл базардың сауда қатарларын көру үшін келеді. Басқалары қаланың бетон құрылысы артында менмұндалайтын Іле Алатауы тауларындағы Альпі көлдері мен тау шаңғысы беткейлеріне қарай бет алады», - деп жазады басылым.

Bloomberg Алматыдағы демалыстың маусымдық әртүрлілігіне ерекше назар аударады. Қыс мезгілінде туристерге Шымбұлақтың тау беткейлеріне бару ұсынылады.

«Bloomberg нұсқасы бойынша Қазақстанның әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың қатарына енгізілуі - маңызды халықаралық мойындау және қаланың танымалдығын арттыру бойынша Visit Almaty жұмысының нәтижесі болып табылады. Бұл елдің жаһандық туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің, халықаралық аудиторияның Қазақстанға қызығушылығының артқанын көрсетеді. Соңғы жылдары еліміз жетекші әлемдік БАҚ рейтингтерінде жиі енуде», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы.

Bloomberg жыл сайынғы рейтингі туристік трендтерді сараптау, сала жаңалықтарын туризм саласындағы сарапшылармен талдауы негізінде қалыптастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #25 туристік бағыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36

Көкшетауда көлік әйелді басып өлтірді

Бүгін 12:31

Бүгін – Аналар күні

Бүгін 11:14

Бәйтерек маңында ерсі суретке түскен студент жазаланды

Бүгін 10:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);