AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Блогердің мәртебесін айқындайтын уақыт келді

Блогердің мәртебесін айқындайтын уақыт келді

Заң мен тəртіп 03.05.2023, 06:50 1,939
Блогердің мәртебесін айқындайтын уақыт келді
Сурет: Novaya.by

Жауапкершілікті түсіне алмайтын блогерлердің саны уақыт өткен сайын артып барады.


Осылай деген Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев блогерлердің жауапкершілігін заңнамалық тұрғыда бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Депутаттың айтуынша, қазір әлеуметтік желілерді пайдаланып, жалған ақпарат тарататын блогерлер үшін ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған.


Оның сөзінше, қазір өзін блогермін деп жүргендердің дені – ақпараттың рас-өтірігін тексермей, оңай жолмен баю мақсатында кез келген адамға жала жабудан тайынбайтын, бопсалап ақша табатын, атаққұмар, елдің берекесін бұзып, қауіпсіздігіне қатер төндіретін сауатсыз адамдар.



"Дәл осы блогерлер талай жылдан бері ұмыт болған қаржылық пирамиданың жандануына да себеп болғанын бәріміз жақсы білеміз. Сол алаяқтарға сеніп қалған қаншама адам суицид жасады, қаншасы денсаулығынан айырылды, тағы қаншасы үйсіз-күйсіз қалып, қаңғырып кетті?! Олардың обалы кімге? Елде болып жатқан түрлі әлеуметтік жағдайларды өз ыңғайына бұрмалап, оған ұлтаралық рең беріп, елге жалған ақпарат таратқан блогерлердің де ісі майшаммен қаралуы керек еді. Расталмаған қауесеттің әлеуметтік желі арқылы тез тарауынан Қордай оқиғасының немен аяқталғаны бәріңізге мәлім", - деді Баққожаев Премьер-Министр мен Бас прокурорға жолдаған депутаттық сауалында.



Айтуынша, жеке азаматтардың ішкен-жегенін, киген киіміне дейін аңдып, қоғамда кибербуллинг жасап жүрген блогерлер тобы тағы бар. Өмірге деген көзқарасы енді қалыптасып келе жатқан жастар осы блогерлерге еліктеп жүр.



"Біз қысқа ғана уақыт ішінде сөзі мен ісіне жауап бере алмайтын блогерлердің отанына айналып кеткендейміз. Бұл – қоғам үшін де, мемлекет үшін де қауіпті құбылыс. Ал, мұның бәрі біздегі заңнамада блогер мәртебесі айқындалмағаннан. Жауапкершіліктің жоқ екенін сезінген мұндай адамдар, әрине, ойына келгенін істейді", - деп ашынды депутат.



Бұл ретте Баққожаев көпке топырақ шашудан аулақ екенін, халыққа шын жанашыр блогерлер де бар екенін атап өтті.



"Бірақ, әлеуметтік желілерін пайдаланып, азаматтар мен ұйымдардың құқығы мен заңды мүдделеріне зиян келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін оларға қолданылатын шара қарастырылмаған. Сол себепті оларда ешқандай жауапкершілік жоқ. Артын зерттеп, шындық па, жоқ па бастарын қатырмайды. Бастысы шу. Бастысы сөз. Кімнің болмасын алдында тікеңдеп, беттен алып, жеке басына тиіседі. Сөз бостандығы деген осы ма? Біз осылайша тұтастай бір мамандықты қор қылып отырмыз. Журналистердің көбі жұмыссыз! Олардың білімі де, талабы да бар. Олардың блогерлерден айырмашылығы – әдепті, сондықтан да жұмыссыз", - дейді мәжілісмен.



Ол бір жыл бұрын Президент мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескеріп, "БАҚ туралы" заңды қайта қарауды тапсырғанын еске салды. Алайда, айтуынша, бұл заң әлі дайын емес.



"Сондықтан, біріншіден, аталған заң жобасына жауаптылардың әрекетіне тиісті баға берілуі керек. Екіншіден, тез арада "БАҚ туралы" заңды пысықтап, Мәжілістің ашық талқылауына енгізу қажет. Ақпарат саласындағы жауапкершілікті тек журналистер емес, блогерлер де сезінетін уақыт жетті", - деді Баққожаев.



Депутат блогерлердің жауапкершілігін осы заң жобасы аясында дереу қарастыру қажет екенін айтты. Себебі жауапкершілікті түсіне алмайтын блогерлердің саны уақыт өткен сайын артып барады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#блогер #мәртебе #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Кеше 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Кеше 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Кеше 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Кеше 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Кеше 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика