AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / БЖЗҚ салымшыларына ескерту жасады

БЖЗҚ салымшыларына ескерту жасады

Заң мен тəртіп 29.11.2023, 08:12 1,263
БЖЗҚ салымшыларына ескерту жасады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Себебі алаяқтар делдалдар кейпіне енуде.


"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) соңғы уақытта алаяқтардың жалған ақпарат тарату жағдайларының жиілеп кеткенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Құрметті салымшылар!


Атап айтқанда, әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға немесе сақтандыру ұйымдарына аудару жолымен қолма-қол алу бойынша делдалдық қызметтер көрсету туралы ұсыныстар жіберіледі. Тек мұндай қызметі үшін хабарлама иесі белгілі бір көлемдегі сыйақыны талап етеді. "БЖЗҚ" АҚ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді» делінген қордың сайтындағы ақпаратта.



Жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы немесе зейнетақы аннуитеті шарты бойынша өмірді сақтандыру компанияларында орналастырылған зейнетақы жинақтарын қандай да бір делдалдар арқылы алу мүмкін емес. Ал салымшыларға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін ғана заңнамада көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделу мақсаттарына пайдалану үшін шешіп алуға рұқсат етіледі.


Алаяқтар ұсынған схемаларға қатысуға келісе отырып, сіз өз ақшаңызды жоғалту қаупін тудырып қана қоймай, сонымен қатар болашақта басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңіздің сақталуына да қауіп төндіресіз.


"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларына соңғы кездерде жиі таралып кеткен осындай "жалған" хабарламаларды елемеуге және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуға қатаң кеңес береді.


Сіз зейнетақы жинақтарын алу мен аударуға қатысты барлық сұрақтарға жауапты БЖЗҚ бөлімшелерінен де, қашықтықтан да алып, ақпараттың сенімділігін былайша тексере аласыз:


көп арналы тегін байланыс арқылы, байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы.


БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Twitter және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қор #салым #алаяқ #БЖЗҚ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда шетел азаматтарына бақылау күшейді

Бүгін 11:09

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акция өтті

Бүгін 10:15

Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды

Бүгін 09:48

Такси жүргізушілері нені білуі тиіс?

Бүгін 09:21

Әкімдіктен Үкіметке

Бүгін 09:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);