конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Бишімбаевтың ісіне қатысы бар Байжанов бостандыққа...

Бишімбаевтың ісіне қатысы бар Байжанов бостандыққа шығады

Оқиға Бүгін 15:33 34 Сұлу
Бишімбаевтың ісіне қатысы бар Байжанов бостандыққа шығады

Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бүгін, 22 шілдеде бостандыққа шығады. Бұл туралы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Адвокаттың айтуынша, сот отырысында Байжановқа қатысты амнистия актісін қолдану мәселесі қаралған.

«Сот оны дереу босату туралы қаулы шығарды. Жазасының өтелмеген бөлігі үш айдан сәл астам уақытты құрады. Бүгін Бақытжан отбасына оралады», – деді қорғаушы.

Бақытжан Байжанов жазасын Ақмола облысының Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеп келген.

Еске салайық, Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған. 2024 жылғы 13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған.

Сот процесінде Байжанов мейрамханадағы бейнебақылау камераларының жазбасын өшіруге тапсырма бергенін мойындаған. Алайда ол жасалған ауыр қылмыс туралы білмегенін айтқан.

Кейін адвокаттар үкімге апелляциялық шағым түсіргенімен, 2024 жылғы 26 маусымда сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

2025 жылы Конституцияның 30 жылдығына байланысты қабылданған рақымшылық туралы заң аясында Байжановтың өтелмеген жаза мерзімі үштен бірге қысқартылған еді. Енді сот амнистия актісін қайта қолданып, оны дереу босату туралы шешім шығарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қуандық Бишімбаев #Бишімбаев ісі #Байжанов #амнистия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданы тұрғындарға жайлы бола түсті

Бүгін 16:28

Алматыда бірқатар жер учаскесіне қатысты мәлімет өзгертілді

Бүгін 16:20

Алматыда LRT құрылысы аясында Төле би көшесіндегі 165 ескі тірек алынды

Бүгін 16:15

Алматылық дәрігерлер биіктен құлаған төрт жастағы баланы аман алып қалды

Бүгін 15:29

Абай даңғылын ҮАААЖ дейін ұзарту арқылы биыл көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);