AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Бірнеше ұрлық жасаған алматылық ұсталды

Бірнеше ұрлық жасаған алматылық ұсталды

Оқиға 22.12.2021, 08:11 1,305
Бірнеше ұрлық жасаған алматылық ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматының орталық бөлігінде ұрлық жасаған қалта ұрысы ұсталды



Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Ер адам қылмыстық іс-әрекетін екі жыл бұрын бастаған. Бірінші арыз 2019 жылдың мамыр айында тіркелді. Сол кезде ол стоматологиялық орталықта телефонды ұрлап кеткен. Қаскөй кеңселерде, кафелерде, барларда және сауда орталықтарында да ұрлық жасап жүрген. Жалпы, тергеудің осы кезеңінде бөтеннің мүлкін ұрлаудың 9 фактісі тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол нақты тұрғылықты жері жоқ, 35 жастағы Б.есімді ер адам болып шықты. Күдікті ұялы телефондар, ноутбуктер мен әмияндарды ұрлауға маманданған. Жасалған қылмыстардың жалпы шығыны шамамен 4 млн. теңгені құрайды. Қаскөй ұрланған техникаларды сатудан түскен ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған», – деп хабарлады Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қасымбаев.



Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады және анықталған қылмыстарға қатыстылығын растады. Барлық фактілер бір өндіріске біріктіріліп, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша тергелуде. Күдіктіге “қамауға алу” түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.



"Ал біз күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданады", – деді Ғ. Қасымбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұры #Қалта ұрысы #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия Королі мен Патшайымы келеді

Кеше 16:08

Дзюдодан әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды

Кеше 14:14

Яндекс Go сервисінен ақау шықты

Кеше 12:20

Бүгін елімізде Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі

Кеше 12:06

Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Кеше 10:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);