Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өз сөзім өзімдікі / «...Бір-бірімізді өтірік мақтағанға мәзбіз»

«...Бір-бірімізді өтірік мақтағанға мәзбіз»

Өз сөзім өзімдікі 11.10.2024, 14:53 1,874
«...Бір-бірімізді өтірік мақтағанға мәзбіз»
интернеттен

Замандастарымыз әлемге танылып, Нобель сыйлығын алып жатыр. 

Сыншы, әдебиеттанушы Амангелді Кеңшілікұлы биыл әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған оңтүстіккореялық жазушы Хан Гангтың шығармашылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Қош. Сонымен 2024 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы менен екі жас кіші замандасым оңтүстіккореялық жазушы Хан Ганға бұйырды. Осыдан сегіз жыл бұрын 2016 жылы ол «Ет жемейтін әйел» романы үшін Букер сыйлығын алған еді. Жаңалықты ести салысымен Литрес Книги сайтынан Хан Ганның екі кітабын «Человеческие поступки» (Адамдық әрекеттер) және «Вегетарианка» (Ет жемейтін әйел) тауып алып, түні бойы ұйықтамай оқып шықтым. Бұл жолғы Нобель сыйлығы өз иесін тауып, лайықты жазушыға берілген екен», – деп жазды Амангелді Кеңшілікұлы өзінің ФБ парақшасына.

Сыншының жазуынша, «Ет жемейтін әйел» романы өте шебер жазылған.

«Маған Хан Ганның «Ет жемейтін әйел» романы қатты ұнады. Шығарманың оқиғасы қарапайым ғана. Бір әйел түнде қорқынышты түс көріп, ет жеуден бас тартады. Міне, осы кезден оның күйеуімен, қоғамдағы адамдармен қарым-қатынасы күрделене түседі. Роман өте шебер жазылған. Шығарма біресе күйеуінің атынан баяндалып, біресе әйелдің көзімен беріледі. Автор детальдарға қатты мән береді. Бір артық сөйлем жоқ. Стильдің нәзіктігіне қарап, автордың мәтінмен күні-түні жұмыс істегенін түйсігіңмен сезесің. Мына екі кітапты оқып болғаннан кейін Оңтүстік Кореядан шыққан қаламгерлердің туындыларын оқуға деген құлшынысым арта түсті.

Ей, қазақтар. Замандастарымыз әлемге танылып, Нобель сыйлығын алып жатыр. Ал, біз әлеуметтік желіге желімше жабысып алып, бір-бірімізді өтірік мақтағанға мәзбіз. Қашан есімізді жиып, өзімізді қамшылаймыз. Әлде, ішкен-жегенімізге ғана мәз болып, өз жазғандарымызға өзіміз ғана тамсанып осылай жүре береміз бе? Өмір болса өтіп барады», – деп жазды ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Амангелді Кеңшілікұлы #сыншы #Нобель сыйлығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика