AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім министрі сирек басылымдардың қауіпсіздігін қ...

Білім министрі сирек басылымдардың қауіпсіздігін қолға алмақ

Білім және ғылым 19.01.2022, 14:10 1,975
Білім министрі сирек басылымдардың қауіпсіздігін қолға алмақ
Сурет: Facebook.com

Бұл туралы Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.


Министр Алматыға жұмыс сапары барысында «Ғылым орда» орталығында болып, Ғылыми кітапхананың, мұрағаттың, сирек басылымдар қоймасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Орталықтың құндылығы ерекше, себебі онда біздің ғылыми және мәдени мұрамыз, отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу және ағартушылық жұмыстары сақталған.



«Алматы трагедиясы» кезінде болған оқиғаларды ескере отырып, осындай өте құнды қорлардың сақталуын қамтамасыз ету өте өзекті. Оларды цифрландыруды жүргізу, резервтік көшірмелер жасауды, каталогтандыруды, қызметкерлерді оқытуды, қолжазбаларды және басқа да дереккөздерді ғылыми айналымға енгізуді, ежелгі құжаттарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету қажет, сондай-ақ өткен оқиғалар аясында олардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз ету де маңызды», - деп жазды Аймағамбетов.




Ведомство басшысы сапарының қорытындысы бойынша арнайы өнеркәсіптік сканерлерді, тозған құнды кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіруге арналған зертханалық жабдықтарды, сақтауға арналған арнайы сөрелер мен жәшіктерді, сондай-ақ қоймаларды қажетті температуралық жағдайлармен қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.



«Сондай-ақ, ғалымдармен бірге біз ғылыми орталықтың жұмысын жаңа деңгейге көтеру мәселесін талқыладық. Өз тарапымнан министрлік ғылыми жұмыстарды цифрландыру, білікті мамандарды тарту, Ұлттық мұрағат қоры материалдарының резервтік көшірмелерін жасау және жалпы осы орталықтың барлық өзекті мәселелерін шешу мәселелерін бақылауға алатынымызды атап өткім келеді», - деп жазды министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сирек #басылым #министр #Аймағамбетов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);