конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Білім алу мерзімі қартаюды баяулатып, ғұмырды ұза...

Білім алу мерзімі қартаюды баяулатып, ғұмырды ұзаратады

Әлем 08.04.2024, 07:33 1,171
Білім алу мерзімі қартаюды  баяулатып, ғұмырды ұзаратады
Cурет: Islam.kz

Колумбия университетінің ғалымдары биологиялық қартаю жылдамдығы (жасушалардың эпигенетикалық жасы) мен білім деңгейі арасындағы байланыс барын анықтады.


Бұл тараптағы талдау нәтижесі көрсеткендей, орта есеппен әрбір екі жыл сайын білім алған адамның қартаю процесі 2-3%-ға бәсеңдейді және өлім қаупі шамамен 10%-ға төмендейді. Бұл жайында islam.kz порталы jamanetwork.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ғалымдар бұл бағытта ДНҚ маркерлерінің көмегімен биологиялық жасты өлшеуге арналған DunedinPACE эпигенетикалық сағат алгоритмін қолданды. Зерттеушілер қан сынағы арқылы ақ қан жасушаларының құрамындағы ДНҚ-ның метилдену деңгейін бақылаған. Биологиялық қартаю процесі жасушалардың, ұлпалардың және ағзалардың тұтастығы мен тұрақтылығын біртіндеп бұзатын молекулалық өзгерістердің көбеюімен бірге жүреді. Ғалымдар алгоритмді Framingham Heart зерттеу жобасына қатысқан 2437 адамның деректеріне қолданып көрген екен. Осы тұста аталмыш зерттеу ұзақ мезімге арналғанын әрі Америка құрама штаттарындағы Фреймингем қаласының жүрек-қан тамыр ауруларынан зардап шегетін науқастарды қамтығанын айта кету керек.


Бұл зерттеу 1948 жылдан бері жүргізіліп келеді. Содан бері үш ұрпақ ауысқан. Бұдан бөлек, ғалымдар біліммен байланысы жоқ факторлардың ықпалының бар-жоғын тексеріп көру үшін білім деңгейі әртүрлі бауырлар мен әпкелі-сіңлілі ағайындылар арасындағы айырмашылықты да қосымша сараптап, зерттеп көрген екен. Білім мен қартаю процесі арасындағы байланыстың білім деңгейлері әртүрлі туыстар арасында да болатыны анықталды. Білім деңгейі жоғары адамдар білім деңгейі төмен адамдарға қарағанда ұзақ және саламатты өмір сүретіні бұрыннан белгілі болғанымен, бұл заңдылықтың өзі әлеуметтік факторларға байланысты болады. Мәселен, сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алатын және саламатты өмір салтын жүргізуге мүмкіндік беретін жалақысы жоғары жұмыста істейтін адамның білім деңгейі өзімен қатарлас табысы төмен адамға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім алу #Қартаю #зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:02

Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды

Кеше 18:07

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы цифрлық ортада жасанды қоғамдық күн тәртібін қалыптастырудың заманауи тетіктеріне зерттеу жүргізді

Кеше 17:29

Қазақстан сары май мен күнбағыс майының өндірісі мен экспортын ұлғайтты

Кеше 17:23

Алматыда жаңа оқу жылы басталғанға дейін сегіз жаңа мектеп ашылады

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);