конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / BI Group 1 000 пәтер таратады, қазақстандықтардың...

BI Group 1 000 пәтер таратады, қазақстандықтардың жеке деректері сатылып жатыр - осы тектес жалған ақпараттар терістелді

Заң мен тəртіп Бүгін 11:01 66
BI Group 1 000 пәтер таратады, қазақстандықтардың жеке деректері сатылып жатыр - осы тектес жалған ақпараттар терістелді

Жалған ақпарат таратушының біреуіне сот 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 10-20 тамыз аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы.
 
Фейк: 2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы ақпанға дейін күштік құрылымдар қызметкерлерін қызметтен босатуға және кадрлық ауыстыруларға мораторий енгізіледі.
 
JAQ.OrtCom ресми түсіндірмесі:
 
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 3 маусымдағы № 295-VIII Заңында әскери қызметшілерді, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қызметтен босатуға, ауыстыруға, тағайындауға немесе өзге де кадрлық ауыс-түйістерге мораторий енгізу туралы нормалар жоқ.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Жалған ақпаратқа шынайылық сипатын беру үшін оған шын мәнінде жоқ норманы таңа отырып, қолданыстағы нақты нормативтік құқықтық акт пайдаланылады. Бұл хабарлама әскери қызметшілер мен күштік құрылымдар қызметкерлерінің 2026 жылдың қарашасынан кейін жұмыстан босатылу немесе басқа қызметке ауысу мүмкіндігі шектеледі деген сезім ұялатуға есептелген. Мұндай психологиялық триггер оларды қызметтен мерзімінен бұрын кетуге итермелеуі мүмкін.
 
Фейк: eGov бұзылып, 15 млн қазақстандықтың деректері тарап кетті және кейін даркнетте сатылымға шығарылды.
 
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің және ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми теріске шығарулары:
 
Техникалық тексеру нәтижесінде eGov ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны анықталған жоқ. Даркнетте жарияланған материалдар eGov жүйесінен алынған деректер емес, ал олардың көлемі мен мазмұны мемлекеттік жүйелердегі деректерді сақтау құрылымына сәйкес келмейді. ҚР ІІМ де порталға рұқсатсыз қол жеткізілгені туралы ақпаратты теріске шығарды.
 
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: eGov жүйесінен ауқымды көлемде деректер тарады деген мәлімдемелер қоғамда алаңдаушылық туғызумен ғана шектелмей, мемлекеттік цифрлық жүйелердің сенімділігіне және мемлекеттік органдардың дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету қабілетіне деген сенімсіздікті қалыптастыруға бағытталған.
 
Фейк: Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістерге себеп болды.
 
ҚР Энергетика министрлігінің ресми түсіндірмесі:
 
Таралып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
 
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Қазақстан мен көршілес елдердің энергетикалық жүйелерінің өзара байланысы Қазақстанның тәуелділігі мен осалдығы ретінде көрсетілуде. Мұндай ұғымдарды алмастыру бір мезгілде ұлттық энергетикалық жүйенің сенімсіздігі туралы түсінік қалыптастырып, көршілес мемлекеттермен ынтымақтастыққа қатысты теріс көзқарас тудыруы мүмкін.
 
Фейк: Автомектептерді есепке алу, оқу топтарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан қабылдау функциялары жеке ұйымдарға беріледі.
 
JAQ.OrtCom ресми түсіндірмесі:
 
Көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан қабылдау функциясын жеке ұйымдарға беру мәселесі қарастырылып отырған жоқ. Автомектептерді есепке алу және оқу топтарын тіркеу де мемлекеттік функциялар болып қала береді.
 
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай фейк маңызды мемлекеттік рәсім жеке құрылымдарға беріледі, соның салдарынан жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгеріп, жаңа коммерциялық мүдделер пайда болады және рәсімнің ашықтығына қатысты күмән туындайды деген түсінік қалыптастырады. Бұл жүргізушілерді даярлау мен емтихан қабылдаудың қолданыстағы жүйесіне деген сенімсіздікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
 
Фейк: Мемлекеттік органдар БАҚ, журналистер, блогерлер мен белсенділердің аккаунттарын жаппай бұғаттап жатыр.
 
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми түсіндірмесі:
 
Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желі пайдаланушыларының, оның ішінде БАҚ пен журналистердің аккаунттарын бұғаттамайды. Ведомство мемлекет сөз бостандығын және журналистер мен блогерлердің заңды кәсіби қызметін шектеуге мүдделі емес екенін атап өтті.
 
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Құқыққа қайшы контент таратқаны үшін заң бұзушыларды жауапкершілікке тартудың нақты жағдайлары БАҚ, журналистер мен блогерлердің аккаунттарын жаппай бұғаттау ретінде көрсетілуде. Осылайша, құқық қолдану қызметі сөз бостандығын жүйелі түрде шектеу туралы мәлімдемемен алмастырылуда.
 
Фейк: BI Group 1 000 пәтер ойнатып жатыр.
 
BI Group компаниясының және JAQ.OrtCom ресми түсіндірмелері:
 
Компания 1 000 пәтер ұтысын жариялаған жоқ және мұндай ұтыс өткізіп жатқан жоқ. Таралып жатқан жарияланымдарда көрсетілген қатысу шарттары, өткізу күні мен орындары туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
 
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Танымал брендтің атын пайдалану және 1 000 пәтер ұтысын уәде ету азаматтарды шын мәнінде жоқ іс-шараға жаппай тартуға алғышарт жасайды. Мұндай ақпараттық шабуыл бір мезгілде компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, жасанды дүрбелең туғызу және кейіннен сайлау процесінің беделін түсіру үшін пайдаланылуы мүмкін.
 
Қосымша:
 
Петропавл қаласындағы жол-көлік оқиғасының салдары туралы жалған мәлімет таратқан TikTok пайдаланушысы жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фейк ақпараттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық төмендеуі байқалады

Бүгін 12:00

Саналы шешімге үндеген үндеуге Алматының түрлі сала өкілдері қосылды

Бүгін 11:51

Алматыда 23 тамызда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Бүгін 10:56

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар

Бүгін 10:33

Алматы Оңтүстік Кореяның танымал «I Live Alone» шоуында таныстырылды

Бүгін 10:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);