ffin.kz

Бейжің Олимпиадасында таңғалдыратын дүние көп болмақ

Бейжің Олимпиадасында таңғалдыратын дүние көп болмақ

Бейжің Олимпиадасының басталуына санаулы күндер қалды


Ұлттық Олимпиадалық комитеттің дерегінше, ресми түрде қысқы ойындар 4 ақпанда ашылғанымен, жарыстар 2 ақпанда басталып кетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Спортшылар тұрақтайтын олимпиадалық ауылмен таныстырады. 


Олимпиададағы ауылдар саны үшеу. Ойын өтетін әр кластерде бір ауылдан бар. Бұл спортшыларға ыңғайлы болуы үшін жасалған қадам. Мәселен, Яньцинде сынға түсетін спортшы жатын орнына жету үшін ұзақ уақыт жоғалтуы мүмкін. Сондықтан, Бейжің, Яньцин және Чжанцзякоуда бір-бірден олимпиадалық ауыл салынады. 


Үш олимпиадалық ауылдың жалпы аумағы – 330 мың шаршы метр. Спортшыларды 20 ғимаратқа орналастырады. Кейіннен бұл нысандар тұрғын үйге айналып, халық игілігіне беріледі. Ұйымдастырушылар олимпиадалық ауылды экологиялық тұрғыдан таза және сенімді етіп салуды көздеген. 



Ойынды ұйымдастырушылардың мәліметінше, олимпиадалық ауыл жасыл құрылыс стандарттарына толығымен сай келеді. Яньциндегі құрылыс барысында 130 жергілікті ағаш сақталып, олимпиадалық орманға 24 000 ағаш отырғызылды.


Олимпиадалық ауыл толығымен қытай стилінде безенділірген. Бұл ойынды қабылдаушы мемлекетті қатысушылар жақсы түсіну үшін жасалды. 


Яньциндегі ауыл теңіз деңгейінен 900 метр биіктікте орналасқан. Мұндағы корпустардың барлығы да жылытылған дәліздермен жалғастырылған. Демек, спортшылардың аязда сыртта жүруіне жол жоқ. 


Бұл ауылда негізінен тау шаңғысының өкілдері жайғасады. Олар жоғарыда орналасқан жарыс жолына дейін арқан жолмен барып, қайтар жолда шаңғымен жетіп алады. 



Олимпиадалық ауылдағы бөлмелер әртүрлі. Бір спортшыға, екі спортшыға арналған бөлмелер бар. Әр бөлмеде жылытқыш пен кондиционер орналастырылған. Мұның бәрі смартфондағы қосымша арқылы басқарылады. 


Кереуеттерді биіктігіне, ұзындығына қарай реттеуге болады. Токиомен салыстыратын болсақ, мұндағы кереуеттер картоннан жасалмаған. 


Олимпиадалық ауылда спортпен шұғылдануға бар жағдай жасалған. Фитнес құралдарының 27 түрі бар, жалпы есебі 139 тренажер қолданысқа беріледі. 


Фитнес-орталық та тәулік бойы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, спортшылар демалатын орын, кофехана, банк да орналасқан. 


Әрбір олимпиадалық ауылда 18 бөлімшесі бар үлкен аурухана жұмыс істейтінін де айта кеткен жөн. Егер спортшылардың бірінен коронавирус анықталса, оны "жедел жәрдеммен" басқа ауруханаға алып кетеді. 



Нысандарда спортшыларға бетперде киіп, қолын жиі жуып, артық әңгімелесуден аулақ болуды ескертетін роботтар бар. 


Олимпиадашыларға арналған ас мәзірі 4 жыл бойы дайындалды. Қорытынды мәзірге 678 тағам енген. Осы орайда, біраз жайт есепке алынды: диета, діни көзқарас және тағы да басқа (вегетериандық ас, халал тамақ). Әрине, ас мәзірінде дәстүрлі қытай тағамдары да бар. 


Асханадағы тамақ ішетін ыдыстар да экологиялық таза болып есептеледі. Пандемияға байланысты асханада спортшыларға бетперде мен қолғап, спирт жағылған мақта мен санитайзерлер беріледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32