Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / БЕЙЖІҢ - 2022 / Бейжің-2022. Бүгін жеті медаль жиынтығы ойнатылады

Бейжің-2022. Бүгін жеті медаль жиынтығы ойнатылады

БЕЙЖІҢ - 2022 06.02.2022, 06:42 1,524
Бейжің-2022. Бүгін жеті медаль жиынтығы ойнатылады
Cурет: Inform.kz

Бүгін әйелдер могулынан «қола» медаль алған Юлия Галышева жарыс жолына шығады


Жексенбі, 6 ақпанда Бейжіңдегі Қысқы олимпиада ойындарында жеті жүлде жиынтығы ойнатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Сноуборд (әйелдер арасындағы слоупстайл), конькимен жүгіру спорты (5000 м, ерлер), шаңғы жарысы (скиатлон, 30 км, ерлер), фристайл (могул, әйелдер), шана спорты (бір орындық шана, ерлер) және шаңғымен трамплиннен секіру (қарапайым трамплин, ерлер) сияқты спорт түрлерінен ақтық сын өтеді.


Қазақстан жанкүйерлерінің басты үміті – 2018 жылғы Пхенчхандағы Олимпиада ойындарынан әйелдер могулынан «қола» медаль алған Юлия Галышева.


3 ақпанда Юлия Галышева Бейжіңдегі Олимпиада-2022 бірінші іріктеуінде могулдан жарысқа шықпады, ал Анастасия Городко қашықтыққа дейін жете алмады.


Бүгін кешке қазақстандық фристайлистер Олеся Граур, Аяулым Амренова, Юлия Галышева және Анастасия Городко могул жарысынан ақтық сынға шығу үшін бақ сынайды.


Қазақстандық шаңғышылар Виталия Пухкало мен Евгения Величко Чжанцзякоудағы ұлттық стадионда алғашқы жарысқа қатысады. Мұнда ерлер скиатлонының көшбасшылары - норвегиялық және ресейлік атлеттер.


Тау шаңғышылары Яньцинде жылдамдыққа сырғанайды. Спорттың бұл түріне Қазақстан командасының атлеттері ұсынылмаған.


Жексенбі күні қазақстандық «ұшатын шаңғышылар» Сергей Ткаченко мен Данил Васильев шаңғымен трамплиннен секіруден Олимпиада финалына шығу үшін күреседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бейжің-2022 #олимпиада #Галышева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 50 мыңнан астам оқушы мен студент бір мезетте таңғы жаттығу жасады

Бүгін 11:02

Алматылық оқушы БҰҰ-ны бағындырды: ауадан ауыз су және әлемдік мойындау

Бүгін 10:21

Ерекше баланың анасына еңбек өтілі жазылады

Бүгін 10:15

Тоқаев Израиль Президентін құттықтады

Бүгін 09:40

Алматыда «ЭКСТРИМ» цирктік шоуы көрерменге жол тартты

Бүгін 09:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика