Осы мақсаттарға 24,8 млрд теңге бөлінді.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары туралы айтты деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Қолдаудың барлық шараларымен 124 мыңға жуық алматылық қамтылған. Осы мақсаттарға 24,8 млрд теңге бөлінді. 150 орынды оңалту орталығын, сондай-ақ тәулігіне 500 келушіні қабылдайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенін салу жоспарлануда.
Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бұрынғы ғимаратын психоневрологиялық патологиясы бар тұлғалар үшін көпбейінді оңалту орталығы ретінде қайта жасау жоспарланған.
Келер жылы Сәбилер үйінің бос тұрған ғимаратын тумысынан мүгедек балаларға жастайынан қолдау үшін орталығына реконструкциялау басталады.
Ерекше қажеттіліктегі балаларға және психоневрологиялық патологиясы бар әрі тірек-қимыл аппараты бұзылған ересектер үшін Әлеуметтік қызмет көрсету орталығын құрудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Өткен жылы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін «Шыңға өрлеу» жобасы іске қосылды. Қалада клубтың 10 филиалы ашылды. Биыл оларда 1,2 мыңнан астам бала білім алды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту үшін былтырдан бастап Ten Qogam әлеуметтік қолдау орталығы» жобасы іске асты. «Бақытты отбасы» орталықтары аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жан-жақты көмек алудың бірыңғай алаңына айналды. Қазір олардың саны 9-ға жетті. Биылғы жылы орталықтардың қызметін 24 мыңнан астам адам пайдаланды.
Алматыда «Белсенді ұзақ өмір» жобасының 9 орталығы бар, оларда 23,4 мыңнан астам зейнеткер тіркелген.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың «ISKER ANA» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2020 жылдан бастап 776 әйел тегін грант алып, жеке бизнестерін ашты.
Жыл басынан бері «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жылдық 2% мөлшерлемемен несиеге сатып алу мүмкіндіктері отбасылардың саны 3,7 есеге, яғни 272-ден 1010 отбасыға өсті. Бұлар – 463 көпбалалы отбасы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 458 отбасы, 89 толық емес отбасы.
Бастапқы төлемді жабу үшін жергілікті бюджеттен әрқайсысы 1 миллион теңгеден тұратын тұрғын үй сертификаттарына 2 миллиард теңге бөлінді. Оларды көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, ата-анасыз қалған жетім балалар, сондай-ақ «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары аясында 1 және 2 топ мүгедектері пайдалана алады.