конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Бас прокуратура республикалық референдум аясында м...

Бас прокуратура республикалық референдум аясында митинг өткізудің тәртібін түсіндірді

Референдум - 2022 12.05.2022, 13:08 1,117 Almaty-akshamy
Бас прокуратура республикалық референдум аясында митинг өткізудің тәртібін түсіндірді
Cурет: Inform.kz

Хабарлама жасау тәртібі қарастырылған


ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин республикалық референдум аясында митинг өткізудің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Референдум алдында үгіт жүргізу мақсатымен жиналыстар мен митингілер өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Бейбіт жиналыстарды өткізу және ұйымдастыру тәртібі туралы» Заңмен реттеледі. Сәйкесінше, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің осы сипаттағы жиналыстар мен митингілер өткізу ниеті болса, хабарлама жасау тәртібі қарастырылған. Оларды өткізу туралы хабарлама әкімдікке белгіленген күнге 5 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірілмей жазбаша берілуі тиіс. Ондай бейбіт жиналыстың мақсаты мен нысаны, ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың деректері көрсетіледі. Әкімдік хабарламаны тіркеген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. Осы 3 күн өткеннен кейін әкімдік тарапынан жауап болмаған жағдайда ұйымдастырушы берілген хабарлама бойынша жиналыс өткізуге құқылы», - деді Бас прокурордың аға көмекшісі. 



Сондай-ақ, ол аталған хабарламаны қарау немесе жергілікті атқарушы органның шешімін алу мерзімдері өткеннен кейін ғана осындай іс шараларға қатысуға үгіттеуге болатынын еске салды. Бас прокуратура өкілі референдум кезінде бейбіт жиындар өткізудің талабын бұзғандарға қандай жаза қолданылатынына тоқталды.



«Егер осы талаптар сақталмай, жиналыс немесе митингілер жергілікті әкімдікке тиісті хабарлама берілместен ұйымдастырылып, өткізілсе, ұйымдастырушылар да, қатысушылар да әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 488-бабы бойынша, ескерту, айыппұл және қамау түрінде жаза көзделген. Жергілікті атқарушы орган жиналысты немесе митингіні өткізуді келісуден ресми түрде бас тартқан жағдайда да оларды өткізуге тыйым салынады және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады. Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттердің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүрсе, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды. Ол 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе 200 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түрінде жазаны көздейді», - деді Азамат Сарғазин.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #Митинг #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);