конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бас прокуратура комитеті қандай мемлекеттік қызмет...

Бас прокуратура комитеті қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

Заң мен тəртіп Кеше 17:48 106 Сұлу
Бас прокуратура комитеті қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?
gov.kz

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті азаматтарға мемлекеттік қызметтің төрт түрін ұсынады. Олардың басым бөлігі электрон форматта көрсетіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Комитет көрсететін қызметтер қатарына соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру, ресми құжаттарға апостиль қою, мұрағаттық анықтамалар мен құжаттардың көшірмелерін ұсыну, сондай-ақ адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлімет беру кіреді.

Соттылық туралы анықтаманы онлайн алуға болады

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама онлайн режимде беріледі. Оған egov.kz электрон үкімет порталы, порталдың мобильді нұсқасы немесе EgovKzBot арқылы өтініш беруге болады.

Қызметті электрон цифрлық қолтаңба немесе бір реттік SMS-пароль көмегімен үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік бар.

«Анықтама электрон құжат түрінде рәсімделеді. Сонымен қатар шетелге шығу үшін апостиль қойылған қағаз анықтаманы “бір өтініш” қағидаты бойынша алуға болады. Дайын құжат Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі», – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

Соттылық туралы анықтама Қылмыстық кодекстің 79 және 89-баптарына сәйкес соттылықтың өтелуі немесе алынуы ескеріле отырып беріледі. Қылмыстық қудалау тоқтатылған немесе соттылығы өтелген азаматтарға «соттылығы жоқ» деген жазбамен анықтама ұсынылады.

Апостиль қою бес жұмыс күніне дейін созылады

Прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою қызметі автоматтандырылмаған.

Өтініш Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде қабылданып, қызмет бес жұмыс күніне дейін көрсетіледі.

Апостиль қою үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Мұрағаттық құжаттарды қалай алуға болады?

Комитет пен оның аумақтық органдарының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамалар мен құжаттардың көшірмелерін алуға болады.

Өтініш Мемлекеттік корпорация немесе egov.kz порталы арқылы беріледі. Қызмет көрсету мерзімі – 10 күнтізбелік күнге дейін.

Өтініш беруші жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы қажет. Туысына қатысты ақпарат сұратылған жағдайда туыстық дәрежесін растайтын құжаттар талап етіледі.

Қызмет нәтижесі қағаз түрінде беріледі.

Сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы мәлімет

Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметті де egov.kz порталы арқылы алуға болады.

Қызмет порталдағы «Азаматтарға», «Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту», «Жұмысқа орналасу және жұмыс іздеу» бөлімінде қолжетімді.

Қызмет көрсету мерзімі – 10 минут. Қосымша тексеру қажет болған жағдайда жауап бес жұмыс күніне дейін беріледі.

«Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлығы тегін. Тек ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді», – деп түсіндірді Алматы қаласы бойынша департамент өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бас прокуратура #Заң мен тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы онкологиялық орталығында Ашық есік күні кезінде науқаста бауыр қатерлі ісігіне күдік анықталды

Кеше 22:21

Алматыда алты айда 270 заңсыз тексеру анықталды

Кеше 17:41

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі

Кеше 17:35

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Кеше 17:06

Тоқаев Испания Королі VI Фелипені құттықтады

Кеше 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);