конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Бигелді Ғабдуллин алматылықтарды сайлауға белсене...

Бигелді Ғабдуллин алматылықтарды сайлауға белсене қатысуға шақырды

Алматы Бүгін 17:08 38
Бигелді Ғабдуллин алматылықтарды сайлауға белсене қатысуға шақырды

Белгілі қаламгердің пайымдауынша, Алматы — сайлауды талқылағанды жақсы көретін қала. Бірақ оған қатысқанды әрдайым ұната бермейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Парадокс па? Бәлкім.

Біз бәрі туралы өз пікіріміз болғанына үйреніп қалдық. Билік туралы, қала туралы, жол, құрылыс, мектеп, көлік, тариф, экология туралы. Әлеуметтік желілерде, чаттарда, ас үйде, таксиде пікір таластырамыз. Наразы боламыз, талап етеміз, ұсыныс айтамыз, сынаймыз.

Ал сайлау күні келгенде — осы бейжай емес адамдардың бір бөлігі үйінде қалады.

Неге?

Меніңше, мұның себебі саяси енжарлықта ғана емес.

Мұның тағы бір, әбден түсінікті себебі бар. Бұрын адам өз округінен нақты бір кандидатты таңдай алатын — өзі танитын, кездесіп сөйлесе алатын, кейін уәдесінің қайсысын орындағанын сұрай алатын адамды.

Бүгінде көптеген сайлаушы үшін мұндай мүмкіндік жойылды. Таңдау негізінен партиялық сипат алды. Содан кейін талай адамның сайлауға деген қызығушылығы жоғалды: «Егер шынымен дауыс бергім келетін адам кандидаттардың арасында болмаса, онда сайлауға не үшін барамын?» деген ой пайда болды.

Мұндай көңіл күйді түсінуге болады.

Бірақ бәрібір мойындауға тура келетін бір қарапайым нәрсе бар.

Пойыз кетіп қалды.

Бұрынғы жүйеге өкініш білдіруге, оны өзгертуге талап етуге, жаңа жүйе ұсынуға болады. Мұның бәрінің мәні бар.

Бірақ болған істен кейін жұдырық түюдің пайдасы жоқ.

Сайлау қазір өтеді. Сондықтан мәселе қазіргі жүйенің бізге ұнайтынында немесе ұнамайтынында емес. Мәселе — бүгінгі бар жағдайды пайдаланып, не істейтінімізде.

Егер алдымызда партиялық тізімдер тұрса, онда олардың бағдарламаларын оқып, сол бағдарламалардың артында тұрған адамдарға қарап, ұстанымдарын салыстырып, көзқарасы мен ұсыныстары өзіңізге жақын саяси күшті таңдау керек.

Идеалдысын емес. Бәлкім, сіздің барлық талап-тілегіңізге толық жауап бермейтінін де.

Бірақ салыстыра келе, өзіңіз үшін ең қолайлы деп санағанын.

Балық жоқта шаян да балық.

Өйткені сайлауға қатыспау да — таңдау. Тек бұл жағдайда шешім сізсіз қабылданады.

«Менің дауысымнан ештеңе өзгермейді» деуге болады.

Бірақ онда қарапайым сұрақ туындайды: егер өз даусыңнан өзің бас тартсаң, неге сенің мүддеңді басқа біреу білдіреді деп күтесің?

«Бәрі бірдей» деуге болады.

Бірақ бұл да — таңдау. Тек сайлау учаскесінде емес, үйде жасалған таңдау.

«Мен саясатқа қызықпаймын» деуге болады.

Бірақ саясат, таңғаларлығы сол, бізге әрдайым қызығады. Ол біздің өмірімізге заңдар, салықтар, баға, мектеп, жол, көлік, әлеуметтік шешімдер және біз өмір сүретін ережелер арқылы енеді.

Сайлауға он күн қалды.

Осы уақыт ішінде ең болмаса бір нәрсені жасауға болады: мәселені түсініп алу. Ұрандарға сене бермеу. Көршіге немесе туысқа қарап дауыс бермеу. «Бәрібір ештеңе өзгермейді» деген ұстаныммен таңдау жасамау.

Қарау керек. Салыстыру керек. Таңдау керек.

Ал одан кейін — өз таңдауыңның нәтижесімен өмір сүріп, даусыңды сеніп тапсырған адамдардан есеп сұрау керек.

Мен бұл жолы Алматы әлеуметтік желілердегі белсенділік бойынша кезекті рекордын көрсетсе екен деп емес, жай ғана сайлауға келу көрсеткішін көтерсе екен деп қалар едім.

Сайлау күні кешке: иә, біз әртүрліміз. Біз әртүрлі дауыс бердік. Бірақ біз келдік деп айта алсақ екен.

Өйткені демократия — бәрінің бірдей ойлауы емес. Демократия — әр адамның өз таңдауын жасауға мүмкіндігі болып, сол мүмкіндікті пайдалана білуі.

Біз Алматының қандай болуы керектігі туралы көп айтамыз.

Он күннен кейін әрқайсымыздың тек айтып қана қоймай, өз таңдауымызды жасауға мүмкіндігіміз болады.

Бигелді Ғабдуллин

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орал қаласында Құтқарушылар аллеясы ашылды

Бүгін 17:25

Алматыда LRT желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр

Бүгін 17:18

Қазақша минимализм: саналы өмір салтының жаңа парадигмасы

Бүгін 17:12

eGov-тің жаңа нұсқасы іске қосылды

Бүгін 17:10

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

Бүгін 17:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);