AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Балалардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік сыйла...

Балалардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік сыйлады

Медицина 24.06.2025, 11:35 1,132 Нұржамал ӘЛІШ
Балалардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік сыйлады
Сурет: №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасы

Алматыдағы №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасында аяқ-қолдың туабітті және жүре пайда болған кемістіктерінің зардабын тартып келе жатқан балаларға реконструктивтік оталар жасалды.

«Милосердие» еріктілер қоғамы» және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорларының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық шеберлік класына еліміздің түпкір-түпкіріндегі клиникаларда ортопедия-травматология, микрохирургия салаларында еңбек ететін дәрігерлер қатысты, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

«РФ-ның Санкт-Петербург қаласынан шақырылған хирург Сергей Голянның жетекшілігімен өткен шеберлік класы барысында қазақстандық балаларға 8 күрделі ота жасалды. Ресейдің атақты пластикалық хирургі тағы 20 кішкентай пациентке консультация беріп, отандық әріптестерімізге микрохирургия саласындағы озық әдістемелер жөнінде лекциялар оқыды. Бұл шараның Қазақстандағы балалар микрохирургиясын дамытуға қосар үлесі зор», - деп атап өтті №2 ҚБКА директоры Марат Рабандияров.

Күрделі операциялардың бәрі МӘМС қаражаты есебінен жасалды.
Пациенттердің ең кішісі 1 жаста. Бала анасынан 8 саусақпен туған. Полифалангия деп аталатын кемістік салдарынан өсіп келе жатқан баланың қолындағы артық саусақтар ойыншықтарды ұстап, алақанын ашып-жұмуға кедергі келтіріп келеді. Бүгінгі шара барысында дәрігерлер отаны зергерлік шеберлікпен орындап, сәбиге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік сыйлады.

«Біз үшін бұл керемет жаңалық болды. Осындай отаны Алматыда, тегін жасатамыз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген еді», - дейді анасы.

«Шеберлік класын жәй ғана тәжірибе алмасу деп қарастыруға болмайды. Себебі біз қазақстандық әріптестермен бірге балалардың болашақта емін-еркін қимылдап, қалыпты өмір сүруіне жағдай жасадық», - деп атап өтті хирург Сергей Голяна.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #реконструктивтік оталар #мүмкіндік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35

Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды

Бүгін 10:18

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);