AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Бала шақтан – болашаққа" повесінің ресми таныстыр...

"Бала шақтан – болашаққа" повесінің ресми таныстырылымы өтті

Барлығы 15.12.2025, 13:23 565 Дина
"Бала шақтан – болашаққа" повесінің ресми таныстырылымы өтті
сурет: автордан

2025 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласы Білім басқармасының «№187 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де көрнекті ақын, жазушы, ҚР мәдениет саласының майталманы Сәуле Досжанның «Бала шақтан – болашаққа» атты жаңа ғұмырнамалық-танымдық повесінің салтанатты таныстырылымы өтті.

 Шығарма – еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың балалық кезеңі мен тұлға болып қалыптасу жолына арналған.

Іс-шарада Мемлекет басшысының ұлт көшбасшысы деңгейіне дейінгі дара жолына әсер еткен отбасы тәрбиесі, рухани құндылықтары мен адамдық ұстанымдары туралы тағылымды ойлар талқыланды. 

Сондай-ақ қазақ детектив жанрының негізін қалаған Кемел Тоқаевтың ұлағатты тәрбиесі мен өнегесі туралы ерекше пікірлер айтылды. Іс-шараға танымал қаламгерлер, мектеп парламентінің өкілдері мен аға тәлімгерлер және ата-аналар қауымы қатысты. 

Оқушылар автор Сәуле Досжанмен еркін форматта сұхбат құрып, Президенттің балалық шағынан алынған өмірлік сабақтар мен шығарманың тәрбиелік мазмұнын талқылады. Сонымен қатар жас буынның әдебиетке қызығушылығын арттыруға арналған арнайы диалог алаңы ұйымдастырылды. 

Шара жас ұрпақты отансүйгіштікке, табандылыққа, білімге құштарлыққа және азаматтық жауапкершілікке баулуды мақсат етті. Повесть арқылы оқушылар әрбір үлкен жетістіктің түп тамыры бала күннен басталатын еңбек, ынта және адалдық екенін сезінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #әдебиет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында бірлік күнін дәріптеген фестиваль өтті

Бүгін 14:29

Бірлік бар жерде - тірлік бар: Алмалы ауданы бірлік күнін Сайранның жағасында қарсы алды

Бүгін 14:25

Алматының Әуезов ауданы халық бірлігі мерекесін қалай атап өтті

Бүгін 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика