Бакуде Қазақстанның сауда павильоны ашылды

Бакуде Қазақстанның сауда павильоны ашылды Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігі

Бакудегі Түркі сауда орталығында Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның сауда павильонының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шараға Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшісі Әлім Байел, Қырғызстан мен Түрікменстан Елшілері, Әзірбайжанның шағын және орта бизнесті дамыту агенттігінің (KOBIA) төрағасы Орхан Мамедов, Қазақстан-Әзірбайжан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Дәурен Бимов, Түркі сауда орталығының директоры Йылмаз Окуклу, Парламент депутаттары мен журналистер қатысты.

Елші Ә. Байел өз сөзінде: «Бүгінде жаһандық геосаяси және геоэкономикалық трансформация жағдайында өңіріміздің рөлінің артып келе жатқанын көріп отырмыз. Түркі әлемі халықаралық аренада маңызды ойыншы бола алады және болуға тиіс. Әрине, кез келген одақ, кез келген интеграция берік экономикалық іргетасқа негізделуі керек. Осы тұрғыдан алғанда, мұндай бастамалар өте қуантады. Оның үстіне, олар төменнен жоғары қарай дамуда — яғни көбінесе біздің кәсіпкерлердің ұсыныстары негізінде және тиісті құрылымдардың қолдауы арқасында», – деді.

Түркі сауда орталығы ТМҰ елдерінің кәсіпкерлеріне өз өнімдерін таныстыру, іскерлік байланыс орнату және халықаралық нарықтарға шығу үшін тұрақты алаң ұсынады. Павильондар ТМҰ елдерінің ұлттық тауарларын, қолөнер бұйымдарын және гастрономиясын паш ететін мәдениет және сауда алаңдары ретінде құрылған. Әр елдің мәдениетін көрсететін дәстүрлі дизайн мен атмосфераға ерекше көңіл бөлінген.

О. Мамедов аталған сауда алаңдарының түркі елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастық және тауарлар мен қызметтер алмасудағы маңыздылығын атап өтті. Кәсіпкер Д. Бимов осы бастама беріп отырған мүмкіндіктерге назар аударып, әдетте кәсіпкерлер еңсеруі керек кедергілердің көп бөлігі бұдан әрі сауда павильондары арқылы реттелетінін айтты.

Іс-шара барысында түркі халықтарының дәстүрлі тағамдары ұсынылған ұлттық сарында безендірілген киіз үйлер де таныстырылды.

Сонымен қатар, аталған іс-шара аясындағы концерттік бағдарламада қазақ білімгерлерінің орындауындағы Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары мен көрнекті композитордың 100 жылдығына арналған презентация ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:05

17:51

17:39

17:30

17:08

17:00

16:55

16:09

15:26

15:12

15:04

14:59

14:44

14:29

14:15

13:52

13:40

13:37

13:35

13:17

12:09

12:01

11:40

11:31

10:40