Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Baiqonyr кинофестивалі «Дос-Мұқасан» фильмінің пр...

Baiqonyr кинофестивалі «Дос-Мұқасан» фильмінің премьерасымен ашылды

Не? Қайда? Қашан? 08.09.2022, 04:37 1,944
Baiqonyr  кинофестивалі «Дос-Мұқасан» фильмінің премьерасымен ашылды

Кеше VII Baiqonyr International Short Film Festival-дың шымылдығы салтанатты түрде ашылды. «Baiqonyr» – Қазақстандағы тұңғыш халықаралық қысқаметражды фильмдер кинофестивалі. Ол жеті жылдан бері жас кинематографистерге қолдау көрсетіп келеді және Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шетелдердің ондаған елінде де жаңа есімдерді танытуда.


Фестиваль жылдың көптен күткен премьераларының бірі – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қаржылай қолдауымен Aray Media Group компаниясы түсірген «Дос-Мұқасан» кинотуындысымен ашылды. Аталмыш фильмнің режиссері – Айдын Сахаман.



Осы тақырыпқа орай кеше киногерлер  баспасөз мәслихатын өткізген болатын. «Біздің фильмнің алғашқы ресми көрсетілімі осындай керемет кинофестивальдің аясында болатынына қуаныштымыз. «Байқоңыр» – бұл жаңа есімдерді ашатын және Қазақстанның шығармашыл жастарына қолдау көрсететін фестиваль. Біз үшін бұл өте маңызды. Себебі, «Дос-Мұқасан» тобының шығармашылығы да студент кезден бастау алды. Жастық шақ – шығармашылық үшін тамаша кезең және біздің фильм осы жас ұрпаққа жақсы көрсеткіш  болады деп сенеміз», – деп атап өтті «Дос-Мұқасан» фильмінің бас продюсері Айгүл Байбек.




Фестиваль бағдарламасына ҰКҚМО-ғы қолдау көрсеткен тағы төрт фильм енді. Ұлттық байқауға Бегалы Шибікеевтің «Құс» қысқаметражды фильмі, ал Дильшат Рахматуллиннің «Бесік жыры» туындысы анимациялық байқауға қатысады. Ал тағы екі картина конкурстан тыс бағдарлама аясында көрсетілетін болады: олар режиссер-аниматор Иван Ардашовтың «Кенже қыз» анимациялық сериалы және Generation секциясында Берлин Халықаралық кинофестивалінің Гран-При иегері Фархат Шәріповтың «Схема» атты фильмі. Бұл фильмдер көрермендерге ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының форумы барысында көрсетілетін болады.


Форум серіктестері AlmaU Медиа және кино мектебі және Қазақстанның киносыншылар қауымдастығы болып табылады. Олар фестиваль жұмысы барысында өзінің жыл сайынғы «Сыншылар таңдауы» сыйлығын табыстайды.



– Қазақстан киносыншылар қауымдастығы 2015 жылы құрылды. Оның құрамына он алты отандық киносыншы мен кинотанушы кіреді. Биыл «Сыншылар таңдауы» сыйлығы 2020-2021 жылдары шығарылған қазақстандық фильмдерге 13 номинация бойынша беріледі, себебі пандемияға байланысты сыйлық бір жыл берілмеді, – дейді қауымдастық президенті, өнертану докторы Гүлнар Әбікеева.




Фестивальдің конкурстық бағдарламасына қатысуға барлығы 306 киножоба үміткер болды. Оның ішінде бағдарламалық қызмет жеті елден: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Армения және Ресейден 48 фильмді іріктеп алды. Үш конкурста – халықаралық, ұлттық және анимациялық байқауларда ұсынылған картиналарды беделді киноэксперттерден құралған қазылар алқасының үш командасы бағалайтын болады. Халықаралық байқаудың қазылар алқасын Гүлнар Әбікеева басқарады. Ұлттық байқаудың қазылар алқасының төрағасы Саха республикасының танымал режиссері Эдуард Новиков. Ал Анимациялық байқаудың қазылар алқасының жұмысын Батумидегі (Грузия) Tofuzi Халықаралық анимация фестивалінің директоры Зураб Диасамидзе басқарады.



– Биыл фестиваль бағдарламасына біз атақты кинотанушылардың дәрістері мен белгілі режиссердің шеберлік сабағын енгіздік. Біздің сарапшылар күн сайын байқау бағдарламасының фильмдерін, сондай-ақ конкурстан тыс көрсететін фильмдерді, мысалы, «Қантар» арнайы бағдарламасына енгізілген туындыларды талқылайды, – дейді кинофестиваль президенті Әнуар Кенжебаев. Сондай-ақ, фестивальге осы жылы Қырғызстаннан «Экспедиция» қозғалысының өкілдері келеді. Бұл қозғалыс өз елінің бүгінгі өмірі туралы қысқа метражды фильмдер түсіретін 50-ге жуық режиссерді біріктіреді.



«Байқоңыр» 11 қыркүйекте Дәрежан Өмірбаевтың «Соңғы сеанс» атты фильмінің көрсетілімімен аяқталады. Оның әлемдік премьерасы Локарнодағы (Швейцария) 75-ші мерейтойлық фестивальде өтті.


Дәстүрлі түрде Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей» (brod.kz). Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ көрсетеді.


Фестивальдің ақпараттық серіктестері – «Хабар» және El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Aqshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Кинофестиваль #Дос-Мұқасан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика