AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Фоторепортаж / Көптің жүрегін жаулаған дәм: балмұздақ шаһарынан э...

Көптің жүрегін жаулаған дәм: балмұздақ шаһарынан эксклюзив фоторепортаж

Фоторепортаж Бүгін 11:02 60
Көптің жүрегін жаулаған дәм: балмұздақ шаһарынан эксклюзив фоторепортаж
Самат Құсайынов

Ғасырлар бойы қолында билігі мен байлығы бар патша мен ақсүйектердің тағамы болған балмұздақ – бүгінде барлығына қолжетімді әрі көпшіліктің сүйікті асы. Бірақ бесіктегі баладан еңкейген қартқа дейін жақсы көретін бұл тәттінің қалай жасалатынын білесіз бе? Дәмі тіл үйіретін балмұздақтардың сырын анықтау үшін Alatay Aqparat медиахолдингінің қызметкерлері ("Almaty Aqshamy" мен "Вечерний Алматы" газеттерінің журналистері) еліміздегі осы нарықтың көшбасшысы – «Шин-Лайн» компаниясының арнайы шақыртуымен зауытқа барып, жұмыс барысымен танысты.

Балмұздақ қалай дайындалады?

Алматыдан 8,1 шақырым жердегі Байсерке ауылында орналасқан зауытқа кірген бойда оның үлкен аумағы назар аударды. Мұнлдағылардың айтуынша, бұл жердің жалпы аумағы - 50 гектар. Мұнда қызметкерлерге де, тауар тасуға да барлық ыңғай жасалған.

30 жылдан аса уақыт бойы сәтті жұмыс істеп келе жатқан «Шин-Лайн» компаниясында балмұздақ жасау жұмысы ұсақ-түйекке дейін өлшеніп, жолға қойылған. Мұнда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және отандық әрі шетелдік халал сертификаттары бар өнім жасалады. Ол үшін даниялық, италиялық және неміс жабдықтары қолданылады. Олардың бірқатары ТМД елдерінде жоқ, тек қазақстандық өндіріс орнында жұмыс істейді. Бұл отандық компанияға тек Қазақстанда емес, шетелде де сұранысқа ие өнімді жасауға мүмкіндік береді. Оның айқын мысалы – компания дайын өнімдерінің 40 пайызын шетелге экспорттауы.

«Балмұздақ вафли стақанға жақсы толуы үшін сұйық болуы керек. Сондықтан оны әрі ыдысқа құяр алдында оның температурасы -4 градус болады және қаймаққа ұқсайды. Содан кейін ол жылдам мұздату құрылғысына жіберіледі, онда температура -35 градус. Ол жерде өнім 40 минут болады. Біздің басты мақсатымыз — өнімнің ішіндегі температураны -25 градусқа жеткізу, сонда балмұздақ екі жыл бойы сақталады», – деді «Шин-Лайн» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докин.

Сырты қапталып, дайын болған балмұздақты компания қызметкерлері жәшіктерге жинап, ол толықтай роботтандырылған қоймаға жіберіледі. Температурасы -27 градус болатын қоймадағы барлық жұмысты жасанды интеллект енгізілген құрылғы өзі жасайды. Ол өнімді қай аймаққа тиеу керектігін анықтайды. Мысалы, қысқы кезеңде ол көбіне «отбасылық» балмұздақтарды, ал жазда стақандағы балмұздақтарды жөнелтуге дайындайды. Уақыты келгенде балмұздақ қоймадан жүк көліктеріне тиеліп, Қазақстанның түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелге жөнетіледі де, біз білетін дүкендердегі тоңазытқыштарға жетеді.

Көшбасшы кәсіпорын тарихы қандай?

1995 жылы Андрей Шин «Шин-Лайн» компаниясының негізі қалаған. Компания символы ретінде қарлы аймақтарда өмір сүретін бұғы мен ілбіс таңдалған. Бүгінде кәсіпорын 36 брендті біріктіреді. Олардың қатарында көпшілікке танымал «Бомба», «Bahroma», «Мишка на полюсе», «Снеговик», «Белочка», «Караван», «Смак», «Миша», «Джусики» балмұздақтары, сондай-ақ «Шиновское» сауда белгісімен сүт өнімдері, «Рахмет», «Смак» және «Вареникай» тоңазытылған өнімдері, сонымен қатар «Shin Noodle» және «Siem Sam» тез дайындалатын кеспелері бар. Барлығы балмұздақ пен тоңазытылған өнімдердің 160 түрін шығарады. Елімізде жалпы 3,5 мың қызметкері бар.

Ресми бөлім аяқталып, компания туралы ақпарат берілген соң, біз зауытты аралауға кірістік. Шыны керек, мұндай үлкен аумақты аз уақыт ішінде көріп шығу мүмкін емес.

Жалпы балмұздақ жасаудың ең алғашқы қадамы – сапалы шикізат әкелу. Кәсіпорынға әкелінген сүт өндіріске жіберілмес бұрын тексерістен бірнеше рет өтеді. Әсіресе, сауылатын сиырларға антибиотик сынды дәрілердің егілмеуіне мән беріледі. Одан кейін сүт пастеризацияланып, оған қант, шоколад және өзге де дәмдеуіштер қосылады. Бұл жұмыстардың бәрі адам қолымен жасалмайды, жұмыс толық автоматтандырылған. Сүт те, қант және өзге де өнімдер зауыт ішінде арнайы желілер өндіріске жіберіледі. Кейін қаймаққа ұқсайтын сұйықтық арнайы формаларға құйылады. Бір қызығы – кәсіпорын бір күнде балмұздақтың тек белгілі бір түрін жасайды. Яғни, екі күн бойы эскимо жасалса, одан кейін үш күн бойы әйгілі «бомба» өндіріледі.

Қазір «Шин-Лайн» өнімдері әлемнің 10 еліне, соның ішінде Қытай, Ресей, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанға экспортталады. Euromonitor деректері бойынша, «Шин-Лайн» аймақтағы балмұздақ шығаратын ең ірі кәсіпорын. Ал әлемдік рейтингте мыңнан астам балмұздақ өндірушілер арасында 27-орында тұр. Компанияның Қазақстанда 16, Қырғызстанда 6, Ресейде 3 және Өзбекстанда 1 филиалы бар.

Ал «Шин-Лайн» вице-президенті Дамир Дигайдың айутынша, 2023 жылдан бастап компания бастамасымен «Шин-Лайн» корпоративтік қоры жұмыс істейді. «Мишка на полюсе» балмұздағынан түскен табыстың 1 пайызы осы қорға жіберіледі. Қор экология, білім беру және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытындағы жобаларды қолдайды. Мысалы, қор бүгінге дейін Алматыдағы «Мейірім» оңалту орталығында, Арнайы білім беру ұйымы және №1 Балаларды қолдау орталығында жаңа кітапханалардың ашылуына бастамашы болған. Дамир Дигай әлеуметтік жауапкершілік аясында компания елдің дамуына атсалысатынын атап өтті.

"Таза Қазақстан бастамасы аясында біз елімізде 500 мың Гинкго ағаштары отырғыздық. Болашақта жаңа саябақтар ашып, Оңтүстік Кореяның AfoCO ұйымымен бірлесе Абай облысы мен Солтүстік Қазақстанда өртенген ормандарды қалпына келтіруді жоспарлап отыр", – деді Дамир Дигай.

Одан кейін жол цехке түсті. Бірақ ең алдымен тазалық. Мұнда кірмес бұрын арнайы киім киіп, қолыңызды мұқият жуу керек.

Мәселен, бұл - Желіде трендке айналып, көптің назарын аударған Bahroma балмұздағы. Бұл тәтті торт секілді: бірнеше бөліктен тұрады, әрі дәмі тіл үйіреді. Осындай күрделі өнімнің қалай жасалатынын көзбен көру тіпті қызық. Мұнда әр өнімнің өз реті, өз өлшемі, өз температурасы бар. Соның арқасында дүкен сөресіне жеткен балмұздақтың дәмі де, сыртқы пішіні де біркелкі сақталады.

Өндірістегі ең басты талаптың бірі - дәлдік. Себебі балмұздақ жасау оңай көрінгенімен, оның артында үлкен технологиялық процесс жатыр. Әр грамы, әр минуты, әр температуралық режимі қатаң бақылауда болады.

Осындай ауқымды зауытты көргенде балмұздаққа мүлде басқа көзбен қарай бастайсың. Себебі біз күнде сатып алып жүрген тәттінің артында үлкен еңбек, тың технология және нақты жүйе тұр. Әсіресе, бала кезден сүйіп жейтін балмұздақтың осындай жоғары стандартпен дайындалатынын көру ерекше әсер сыйлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балмұздақ #зауыт #сүт #фоторепортаж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасының жеңімпазы болды

Бүгін 12:50

Алматы құрамасы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Бүгін 12:22

Алматыда жастарды қолдауға арналған «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды

Бүгін 11:54

Терезені жаппаған ата-ана айыппұл арқалауы мүмкін

Бүгін 11:03

Алматыда қайта өңделетін және қауіпті қалдықтарды қабылдау бойынша экоакция өтеді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика