AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Азия чемпионатында Қазақстан атынан шығатын тәжіри...

Азия чемпионатында Қазақстан атынан шығатын тәжірибелі балуандар кімдер?

Спорт 07.04.2023, 16:19 1,346 Almaty-akshamy.kz. 
Азия чемпионатында Қазақстан атынан шығатын тәжірибелі балуандар кімдер?
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан күрес федерациясының Бас хатшысы Димаш Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астанада өтетін Азия чемпионатында Қазақстан атынан шығатын тәжірибелі балуандарды атады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазақстан бұл чемпионатқа күрестің үш түрінен де толық құрамды команда қосқалы отыр. Олардың арасында халықаралық аренада бірнеше рет өзін танытқан атақты спортшыларымыз да бар. Грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов, Демеу Жадыраев, Алмат Кебіспаевтар, еркін күрестен әлем чемпионатаның қазіргі қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков, әйелдер арасында Жәмилә Бақбергенова, Эльмира Сыздықова бар. Бұлардың бәрі – өте тәжірибелі спортшылар. Сондай-ақ, грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов Азия чемпионы атағын қорғайды. Былтыр Монғолияда өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Жалпы, бүгінгі таңда командалар келе бастады. Халықаралық күрес федерацияларының өкілдері де келіп жатыр. Баршаңызды 9 сәуір күні сағат 17.00-де өтетін ашылу салтанатына шақырамыз», - деді Димаш Сұлтанов.



Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова әйелдер командасының сапында Елена Шалгинаның да біріншілікте бақ сыйнайтынын айтты. Оның мәліметі бойынша жарыста Қазақстан атынан шығатын 30 спортшының орта жасы мынандай: грек-рим күресінен – 29 жас, әйелдер күресінен – 25 жас және еркін күрестен – 24 жас.


Бұған дейін балуандардың бапкерлеріне де сыйақы қарастырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Грек-рим күресі #Азия чемпионаты #белдесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);