AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылар...

Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылардың құрамы белгілі болды

Спорт 26.10.2022, 14:31 1,196 Almaty-akshamy
Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылардың құрамы белгілі болды
Сурет: Ашық дереккөзі

30 қазанда бокстан 32-Азия чемпионаты басталады, жеңімпаздар 13 қарашада белгілі болады


30 қазанда Иорданияда қазақстандық спортшылардың қатысуымен бокстан Азия чемпионаты басталады. Осындай жауапты старттар қарсаңында Қазақстан құрамасының тәлімгерлері Амман рингінде ел намысын қорғайтын боксшылардың есімін атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстан барлық 13 салмақ дәрежесінде қатысады. Бұл жолғы тізім бокс жанкүйерлеріне өте танымал және таныс.
48 келі: Санжар Тәшкенбай (Астана) – жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы, Қазақстан-2021 чемпионы.
51 келі: Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) – 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және 2021 жылғы әлем чемпионы.
54 келі: Сабырхан Махмуд (Шымкент) 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі және жастар арасындағы Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.
57 келі: Серік Теміржанов (Павлодар облысы) – 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі және жастар арасындағы Азия чемпионы.
60 келі: Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) – жастар арасындағы Азия чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисі және Қазақстан Республикасы Спартакиадасының чемпионы.
63,5 келі: Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) – жастар арасындағы Азия чемпионы және Азия чемпионатының қола жүлдегері.
67 келі: Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы) Қазақстан чемпионы.
71 келі: Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы) – Азия чемпионы, Азия ойындарының финалисі және Дүниежүзілік Армия ойындарының екі дүркін жеңімпазы.
75 келі: Нұрқанат Райс (Атырау облысы) Қазақстан чемпионы.
80 келі: Нұрбек Оралбай (Астана) – жастар арасындағы әлем чемпионы және Қазақстан чемпионы.
86 келі: Сағындық Тоғанбай (Түркістан облысы) – жастар арасындағы Азияның бірнеше дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисі және Қазақстан чемпионы.
92 келі: Айбек Оралбай (Астана) – Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы және Қазақстан чемпионы.
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы) – 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және әлем чемпионатының финалисі.
Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы осы күндері Алматы облысының тау бөктеріндегі оқу-жаттығу жиынын аяқтап, 28 қазанда Амманға ұшады.
«Дайындық жоғары деңгейде, Азия чемпионаты қарсаңында еш қиындық көрген жоқпыз. Қазақстандағы бокс әрқашан арнайы есепте тұрады. БАӘ-де өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа тағына алмадық. Бұл жолы оның орнын толтырғымыз келеді. Сондықтан медальдық есепте бірінші командалық орынға дайындалып жатырмыз», - дейді Бокстан Қазақстан Республикасы ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов.
30 қазанда бокстан 32-Азия чемпионаты басталады, жеңімпаздар 13 қарашада белгілі болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Азия чемпионаты #бокс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдады

Бүгін 18:06

Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады

Бүгін 18:02

5 елден 200-ден астам жас хоккейші Almaty Nova Cup 2026 турнирінде бақ сынады

Бүгін 17:36

«Гүл Алматы – 2026» V фестивалі жоғары деңгейде өтті

Бүгін 17:10

Оқушылар Полиция департаментінің музейіне экскурсия жасады

Бүгін 17:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);