AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Ауруханаға түскеніңізді жақындарыңызға eGov хабарл...

Ауруханаға түскеніңізді жақындарыңызға eGov хабарлайды

Мұны білген жөн Бүгін 11:04 45
Ауруханаға түскеніңізді жақындарыңызға eGov хабарлайды

Қазақстанда eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында жаңа сервис іске қосылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Енді азаматтар төтенше жағдайда ауруханаға шұғыл түскен кезде бұл туралы хабар алатын үшке дейін сенімді байланыс тұлғасын алдын ала тіркей алады.

Жаңа қызмет адам апаттан кейін немесе денсаулығы күрт нашарлаған жағдайда жақындарына өзі хабарласа алмай қалған кезде көмек береді. Мұндай жағдайда жүйеде тіркелген сенімді тұлғаларға азаматтың ауруханаға түскені туралы хабарлама жіберіледі.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, сервистің негізгі мақсаты – төтенше жағдайда адамның жақындарының маңызды ақпаратты уақытылы алуын қамтамасыз ету.

Сенімді адамды қалай тіркеуге болады?

eGov.kz порталында қызметті пайдалану үшін алдымен жүйеге авторизациядан өту қажет. Одан кейін «Ауруханаға түскен жағдайда хабарлау үшін сенімді байланыстарды тіркеу» сервисін таңдау керек.

Өтініш беру кезінде сенімді тұлғаның ЖСН-ін енгізіп, оның дербес деректерін өңдеуге және денсаулық жағдайына қатысты мәліметтерді беруге келісімін растау қажет.

Бір азамат үш адамға дейін сенімді байланыс ретінде тіркей алады. Сенімді тұлға кәмелетке толған және Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс.

Растау SMS арқылы жасалады

Өтініш жіберілгеннен кейін көрсетілген сенімді тұлғаға SMS хабарлама келеді. Ол тіркеуді растауы немесе одан бас тартуы керек.

Растау үшін жауап ретінде 911, ал бас тарту үшін 912 кодын жіберу қажет. Жауапты бес сағат ішінде беру керек.

Растау аяқталғаннан кейін өтініш беруші сұрауды электронды түрде бекітеді. Одан кейін ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне жіберіледі.

Бұдан былай азамат шұғыл түрде ауруханаға түскен жағдайда, тіркелген сенімді тұлғаға тиісті хабарлама жолданады.

eGov Mobile арқылы да тіркеуге болады

Сервисті eGov Mobile қосымшасы арқылы да пайдалануға болады. Ол үшін қосымшадағы «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, «Денсаулық сақтау» санатын таңдау қажет. Одан кейін ауруханаға түскен жағдайда хабарлау үшін сенімді байланыстарды тіркеу қызметін ашып, қажетті мәліметтерді енгізу керек.

Қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Өтінішті Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі 10 минутқа дейінгі уақытта өңдейді.

Тіркеу мәртебесін eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен немесе eGov Mobile қосымшасындағы «Хабарламалар – Жеке кабинет тарихы» бөлімінен тексеруге болады.

Жаңа сервис төтенше жағдай кезінде азаматтың жақындарына ақпаратты дер кезінде жеткізіп, медициналық көмек көрсетілгені туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#eGov.kz
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жас алматылықтар туған қаласына деген сүйіспеншілігін әнмен жеткізеді

Бүгін 10:44

Алматыда сегіз көше мен Тұңғыш Президент саябағын кешенді көріктендіру жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін 10:40

Алматылықтар бір тәулікте 1 272 рет жол ережесін бұзған

Бүгін 10:35

Бүгін - Қазақ тазысы күні

Бүгін 10:05

Нашақорлық, дропперлік және киберқауіптер: Алматыда жастарға арналған форум өтті

Бүгін 09:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);