AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әуезов ауданында мектептер, балабақшалар салынып,...

Әуезов ауданында мектептер, балабақшалар салынып, театр жаңартылып жатыр

Барлығы 03.07.2025, 12:27 634 Сұлу
Әуезов ауданында мектептер, балабақшалар салынып, театр жаңартылып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев ауданда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік саладағы ауқымды жобалар туралы хабарлады.

«Сапалы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту — ерекше бақылауда. Халық санының өсуін ескере отырып, мектеп орындарының тапшылығы мен балабақшалардың қолжетімділігін жүйелі түрде шешіп келеміз», — деді Абзал Егембердиев Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында.

Бүгінде ауданда 5 мың мектеп орнына тапшылық байқалады. Бұл мәселені шешу мақсатында былтыр қыркүйекте апатты жағдайда болған №97 мектеп ғимаратының орнына 600 орындық жаңа мектеп салынды. Жобаның құны — 5,8 млрд теңге. Сондай-ақ, қараша айында №9 мектепке 1 200 орынға арналған сейсмикалық күшейтілген күрделі жөндеу жүргізілді (1,9 млрд тг). Қазіргі уақытта №13, №72 және №158 мектептерінің жаңа ғимараттарын салу, сондай-ақ №42 мектепке 300 орындық және №1 мектепке 400 орындық қосымша ғимараттар салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. 

«Балабақша орындарының тапшылығын азайту — ең басым бағыттардың бірі. Қазіргі таңда бізге 6 мыңнан астам орын жетіспейді», — деді аудан әкімі.

2025 жылдың тамызына дейін 10-шағын ауданда 160 орындық (1,6 млрд тг) және «Алтын бесік» шағын ауданында 120 орындық (1 млрд тг) екі жаңа балабақша пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, осы жылы мемлекеттік сараптаманың қорытындысынан кейін Таугүл шағын ауданындағы апатты ғимараттың орнына 120 орындық балабақша құрылысының басталуы жоспарланып отыр.

2025 жылдың наурызынан бастап Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының реконструкциясы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны — 23,9 млрд теңге. Жобаны «BI Urban Construction» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланған.

Медициналық салаға келсек, аудан әкімі хабарлағандай, ақпан айында Жетысу-3 шағын ауданында ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуға көмектесетін «Парасат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды (ауданы 1760 м²), сондай-ақ, сәуірде Таугүл-3 шағын ауданындағы №18 емхана күрделі жөндеуден өтті. Жыл соңына дейін №16 емхананың күрделі жөндеуін аяқтау жоспарланып жатыр.

Сонымен қатар, «Қуаныш» шағын ауданында ауысымына 300 адам қабылдай алатын жаңа емхананың жобасы әзірленіп жатыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әуезов ауданы #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19

Алматыда автобус жолақтары мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 11:11

Алматыда «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жастармен ашық диалог өтті

Бүгін 11:09

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Бүгін 11:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);