Әуезов ауданында жеке мектеп ашылады

Әуезов ауданында жеке мектеп ашылады Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мектеп тапшылығын азайту әкімдіктің ерекше бақылауында.


«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бұзылған №97 мектептің орнында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Құрылысты 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.



№72 мектепті бұзып, қуаты 1200 орынға жететін (қуаты 380-ден 1200 орынға дейін ұлғайту) жаңа ғимарат салу үшін осы жылдың соңына дейін 5 жер учаскесін сатып алу, 10 учаскені қосу арқылы мектептің қазіргі аумағын кеңейту жоспарлануда (Проблемалық кредиттер қоры 10 учаскені Мемлекеттік активтер басқармасына берді, 5 учаскені сатып алу аяқталғаннан кейін Жер қатынастары басқармасының желісі бойынша учаскелер 1 мемлекеттік актіге біріктіріледі). Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2024 жылдың I-ші тоқсанында басталады.



Сондай-ақ 2024 жылдың I-ші тоқсанында «Everest Development» компаниясы №104 мектепке (2-шағын аудан, 59-үй) 400 оқушы орындық қосымша құрылыс салуды бастайды.


2 мектепті бұзып (№13 мектеп-гимназия, 860 орын; №158 мектеп, 620 орын), олардың орнында әрқайсысы 1 200 оқушы орнын құрайтын 2 жаңа мектеп салу (барлығы 2400 орын) мәселесі пысықталуда. Биылғы жылдың соңына дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісуді жоспарлап отырмыз.


Талдау қорытындысы бойынша 2 мектеп анықталды, оларға 700 оқушы орындық қосымша құрылыс салуды жоспарлап отырмыз.


№ 1 мектеп бойынша 400 орындық қосымша құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы 2024 жылдың I-ші тоқсанында басталып, қазан айында аяқталады.


№42 мектеп бойынша 300 орындық қосымша құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы шілде айында басталды. Мемлекеттік сараптамадан кейін 2024 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда.


Бұдан басқа «Таугүл-3» шағын ауданында 350 орындық «Zerdesh» жеке меншік мектебін ашу үшін ғимаратты реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды қараша айында аяқтау жоспарлануда.


Сондай-ақ №141 және №127 мектептерді сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51

11:46

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17