AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырауда Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот қайта жал...

Атырауда Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот қайта жалғасты

Оқиға 06.09.2022, 16:30 1,193 Almaty-akshamy
Атырауда Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот қайта жалғасты
Сурет: Inform.kz

Сот отырысы өтіп жатыр


Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот қайта жалғасты. Онымен бірге облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС-нің директоры Өміртай Адамов күдікке ілінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Сот отырысы Атыраудағы №2 қалалық сотта өтіп жатыр. Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтің ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігімен тергеуге алынған.
Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деп айыпталып отыр.
Бүгінгі сот отырысында «Асыл өлке» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Орынша Мәкеева куәгер ретінде жауап берді.
Оның айтуынша, «Ұлы ұлыс – Алтын Орда» республикалық конференциясын өткізер алдында оны Б.Хаменова шақырып, іс-шараны өткізуге демеушілер арқылы қаражат табуды тапсырған.



«Маған 231 490 511 теңге көлемінде қаражат табу керек болды. Мен демеуші іздедім. Бұл сома іс-шарада қызмет көрсететін «Керім медиа» компаниясына қажет еді. Бұл туралы Бақытгүл Хаменова да, Ақылбек Рысқалиев те білді. Бұл біздің арамызда құпия болған жоқ. Өйткені, бұл туралы облыс басшылығына да белгілі болды», - деді Орынша Мәкеева.



Бұдан бұрын сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлім еткен еді. Оның ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау #сот #Хаменова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика