AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды – Жарлық...

Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды – Жарлық

Шешім 18.03.2025, 16:00 733 dulatbekova
Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды – Жарлық
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына сәйкес атом саласын одан әрі дамыту және ядролық қауіпсіздікті нығайту мақсатында 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі салаларындағы функцияларын және өкілеттіктерін бере отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) құрылсын.

2. Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.

3. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі».

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:

Агенттік төрағасымен бірлесіп Агенттік туралы ереженің және оның құрылымының жобаларын;

Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінен және тиісті ведомстволық бағынысты ұйымдардан штат санын Агенттікке қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін;

2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісуі бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және тиісті ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 https://kaz.inform.kz/news/prezident-memlekettk-baskaru-zhuyesn-odan-ar-zhetldru-zhonndeg-sharalar-turali-zharlikka-kol-koydi-a75854/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атом энергиясы #агенттік құру #жарлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика