конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Астанада ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті

Астанада ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті

Заң мен тəртіп 26.04.2024, 12:14 1,013
Астанада ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі шеңберінде қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті.


Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, Бас хатшы, ұйымның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры, сондай-ақ Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Дәстүрлі достық пен сындарлы үнқатысу түрінде өткен кеңесте халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланып, қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты дамыту қадамдары айқындалды.


Кеңесте ШЫҰ-ның әскери-саяси блок еместігі, ал әскери саладағы өзара іс-қимыл басқа елдерге қарсы бағытталмағаны атап өтілді.


Кеңес қызметі әскери саладағы сенім шараларын нығайтуға, өңірлік қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге бағытталған. Осыған байланысты «Бейбіт миссия» терроризмге қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізуді жалғастыру қажеттігі атап өтілді.


Ұйымға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің қызметін насихаттау мақсатында қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери-тарихи мұражайлар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға келісті.


Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысушылардың назарын Ұйымның тарихи аспектісіне аударды.



«Егер ШЫҰ-ның бастауына қайта оралсақ, оның негізін 1996 жылғы 26 сәуірдегі Шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісім (Шанхай келісімі) мен 1997 жылғы 24 сәуірдегі Шекара ауданындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісім (Мәскеу келісімі) қалағанын атап өткен жөн», – деді ол.



Сонымен бірге Қазақстан Қорғаныс министрі ұйым шеңберінде ШЫҰ-ның барлық мемлекеттері үшін әскери бөлімдерге ерікті негізде өзара сапар жасау, өткізіліп жатқан ірі әскери оқу-жаттығулар, қорғаныс ведомстволарының басшылығы мен құрылымы туралы ақпарат беруді көздей отырып, сенім шаралары туралы келісімді әзірлеуді және қабылдауды ұсынды.


Кеңес қорытындысы бойынша хаттамаға, ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылып, бірлескен коммюнике қабылданды.


Іс-шара соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы бірлескен мәлімдеме жасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #ШЫҰ #қорғаныс министрлері #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялауға 500-ден астам маман жұмылдырылған

Бүгін 10:09

Қазақстан парламентіне 30 жыл коллекциялық күміс монетасы ертеңнен сатыла бастайды

Бүгін 09:09

Құрылтай және жаңа Конституция: Астанада сарапшылар кездесуі өтті

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:45

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);