AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Астанада кран құлап, бір адам қаза тапты

Астанада кран құлап, бір адам қаза тапты

Оқиға 19.07.2025, 13:10 638 Сұлу
Астанада кран құлап, бір адам қаза тапты
Сурет: Gazeta.ru

Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде кран құлап, кран жүргізушісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға кеше болған, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

"Кеше болған оқиға. Ол дауылға қарамастан жұмыс істеп жатқан. Ауыр жабын плиталарын орнатып жатқан. Отбасындағы жалғыз ұл еді", - деді дереккөз.

Сондай-ақ, марқұмның жасы 30-да болғаны, ал отбасы Ташкенттен Астанаға көшіп келгені хабарланды.

Астана полициясы кран машинисінің қаза тапқанын растап, тергеу басталғанын айтты. Полиция мәліметінше, оқиға 18 шілде, жұма күні, шамамен сағат 20:00-де болған.

"Құрылыс алаңында жұмыс жүргізу кезінде құрылыс краны құлап түсті. Кабина ішінде болған ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері. 

Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды полиция.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #оқиға #кран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);