AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Astana AI Film Festival AI-киноның ең ірі алаңына...

Astana AI Film Festival AI-киноның ең ірі алаңына айналды

Мәдениет Бүгін 15:22 40
Astana AI Film Festival AI-киноның ең ірі алаңына айналды
қР Мәдениет министрлігі

125 елден 8 мыңнан астам жұмыс ұсынылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Фестивальдің тең құрылтайшыларының бірі әрі AAIFF кеңесінің төрағасы Алмаз Жали өз ойын былайша білдірді:

«Осыдан бірнеше ай бұрын ғана халықаралық байқауды іске қосқан едік, ал бүгінде 125 елден 8 мыңнан астам жұмыс қабылдап отырмыз. Бұл жекелеген AI-эксперименттер емес, күрделі оқиғалары, кейіпкерлері мен тұтас кинематографиялық әлемдері бар толыққанды фильмдер. Мұндай ауқым AI-киноның қаншалықты жылдам дамып келе жатқанын көрсетеді. Бүгінде дәл Астанада осы жаңа бағыт авторларының әлемдегі ең ірі халықаралық қауымдастықтарының бірін қалыптастырып отырмыз».

Байқауға жас режиссерлер, тәуелсіз командалардан бөлек, мыңдаған аудиториясы бар, халықаралық танылған әлемдік AI-креативті индустрияларының өкілдері де қатысып отыр. Мысалы, 370 мыңнан астам жазылушысы бар AI-продакшн – The DOR Brothers, кинематография мен генеративті технологиялар тоғысында жұмыс істейтін режиссер Zack London-ның Gossip Goblin жобасы, сондай-ақ туындылары халықаралық кинофестивальдерде марапатталған Robert Gaudette өз жобаларын ұсынды.

AAIFF байқау бағдарламасының басты ерекшеліктерінің бірі – оның жанрлық алуандығы. Негізгі тақырып – The Future Worth Living In аясынан бөлек, фестиваль тақырыптық шектеусіз жеке бағыт та ашты. Бұл авторларға түрлі жанрдағы, визуалды стильдегі және форматтағы жобаларын жолдауға мүмкіндік берді. Байқау бағдарламасы барлығы 19 түрлі жанрды қамтиды.

Байқауға 4 756 бірегей креатордан өтінім келіп түсті. Олардың бірқатары 22 аптаға созылған өтінім қабылдау кезеңінде екі-үш жобадан ұсынды.

Ұйымдастырушылардың алдын ала есебі бойынша, байқауға қабылданған барлық фильмді ескергенде, креаторлар 80-нен астам генеративті модельге жалпы $4 млн-нан астам қаржы жұмсаған. Ең танымал құралдардың қатарында Suno AI, Seedance 2.5, Kling, Wan 2.6, GPT Image 2 және ElevenLabs бар.

Astana AI Film Festival-дің жүлде қоры – $1 млн. Оның $750 мыңы негізгі тақырыптық бағдарламаға қарастырылған. Тағы $250 мың ашық секциядағы бес номинация бойынша бөлінеді: «Үздік кейіпкер», «Үздік режиссура», «Үздік визуалды тіл», «Үздік оқиға» және «Үздік концепция». Байқауға келіп түскен барлық фильм міндетті түрде плагиатқа тексеріледі.

Сонымен бірге қатысушыларға қаржылай қолдау тек жүлде төлемдерімен шектелмейді. Тағы $1 млн ең әлеуетті AI-командаларға арналған жеке инвестициялық капитал ретінде қалыптастырылмақ. Бұл қаржыны кәсіпкер әрі инвестор, Coinbase компаниясының бұрынғы техникалық директоры, Andreessen Horowitz (a16z) венчурлік қорының бұрынғы бас серіктесі және The Network School негізін қалаушы Баладжи Сринивасан ұсынды. Осылайша, Astana AI Film Festival-дің жалпы қоры $2 млн құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады

Бүгін 16:00

Алматы Арбатында Қала күніне орай «Кітап Fest» кітап жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 15:48

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасы мен бірқатар медициналық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінді

Бүгін 15:45

Телеарналар Қазақстанда ақпарат көздерінің арасында позициясын нығайтып келеді – әлеуметтанулық зерттеу

Бүгін 15:39

Astana AI Film Festival әлемдегі AI-фильмдер арасындағы ең ірі байқауға айналды

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);