Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Әскери бөлімдегі жарылыс: 32 адам зардап шекті

Әскери бөлімдегі жарылыс: 32 адам зардап шекті

Оқиға 26.08.2021, 20:52 1,331
Әскери бөлімдегі жарылыс: 32 адам зардап шекті
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Жамбыл облысында әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан оқиға орнына тақау орналасқан үш елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Қайнар ауылында орналасқан ҚР Қорғаныс министрлігінің №28349 әскери бөлімінде (инженерлік-саперлік бригада) оқ-дәрі қоймасынан өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 19:10-да түскен. Ал 250 тұрғыны бар Қайнар ауылы оқиға орнынан 1 шақырым да болмайтын қашықтықта орналасқан. Тұрғындар эвакуацияланған.


Ұзындығы 41 метр, ені 17 метрлік оқ-дәрі қоймасы өртеніп жатыр. Қоймада екі үлкен жарылыс болған. Облыстық ТЖД-ның бір қызметкерінің жарақаттанғаны туралы ақпарат бар.


Дабыл белгісімен облыстық полиция департаментінің жеке құрамы (300 адам) және 5513 әскери бөлімінің жеке құрамы (520 адам) қауіпсіздікті сақтау жұмыстарына жұмылдырылды.


Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасының және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 30 тобы жіберілді. Апат болған жерге баратын барлық жолдар, оның ішінде теміржол уақытша жабылды. Жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілуде. Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді патрульдеу ұйымдастырылды.


Байзақ ауданында жедел штаб құрылды, оны облыс әкімі Б.Сапарбаев басқаруда.


«Алматы-Тараз» жолдарын облыстың жол полициясының 3 экипажы, «Тараз-Алматы» 5 экипажы уақытша жауып тастады.


Тараз қаласының N1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен 32 адам түсті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскерибөлім #Жарылыс #Дерек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика