Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Әскерге барудан қашқан студенттер видеосына минист...

Әскерге барудан қашқан студенттер видеосына министрлік түсініктеме берді

Оқиға 29.06.2022, 03:30 1,023
Әскерге барудан қашқан студенттер видеосына министрлік түсініктеме берді
сурет: Inform.kz

Шақыру қағазын алған азаматтар шақыру комиссиясына келмейді


Қорғаныс министрлігі әскери комиссариат қызметкерлерінен терезе арқылы қашқан колледж студенттерің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Әлеуметтік желілерде «Әскерге әкетпек болған комиссариат қызметкерлерінен терезе арқылы қашып бара жатқан колледж студенттері», деген мәтіні бар видео тарады. Бейнематериалда айтылғандай, бұл жағдай студенттердің диплом қорғау сәтінде болған.


Осы жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі әскери қызметке шақыруға жататын азаматтар жергілікті басқару органының шақыру қағазы бойынша келуге міндетті екенін хабарлады. Шақыру қағазын жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері азаматтың жеке өзіне немесе жұмыс, оқу орнының ұйым басшысына тапсырады.



«Бұл оқиға осыдан шамамен 10 күн бұрын болған. Оның неге соңғы бірнеше күнде бұлай тарап кеткенін білмейміз. Біз ол әскерге шақырылған жастар мен олардың ата-аналарымен сөйлестік. Олар диплом алып жатқан түлектер. Сондықтан олар оқуды аяқтаған болып саналады. Тиісінше медициналық тексерістен өту үшін келуге міндетті. Оларды әскери комиссариат қызметкерлері күштеп әкетпейді. Тек оларды медициналық тексеріске шақырған», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметі.



Ведомство мәліметінше, азаматтарды әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру, орындау жергілікті әкімдіктерге жүктеледі. Сонымен қатар мнистрлік мерзімді әскери қызметке іріктеу бірнеше кезең бойынша жүргізілетінін атап өтті. Әуелі азамат медициналық тексеруден, кейін психологиялық іріктеуден және әскери басқарманың өкілдерімен әңгімелесуден өтеді.



«Тәжірибе көрсеткендей, әскерге шақырылғандар мен олардың ата-аналары заңнама талаптарын елемейді. Шақыру қағазын алған азаматтар шақыру комиссиясына келмейді. Ал оларды мәжбүрлеп әкелу мүмкін емес. Сондай-ақ заңға сәйкес шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда оның келуін қамтамасыз ету міндеті Ішкі істер органына жүктеледі», - деп хабарлады ведомство.



Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу орнының басшылығымен келісілген тәртіпте оқуды тәмәмдап жатқан түлектерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық комиссияға шақыру қағаздары тапсырылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #шақырту #колледж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құтқаруға берілетін 96 сағат: кене шаққанда не істеу керек және Алматыда қайда жүгінуге болады?

Бүгін 16:23

Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Бүгін 16:06

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Бүгін 15:46

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика