Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Асхат Аймағамбетов Пермь университетіндегі атысқа...

Асхат Аймағамбетов Пермь университетіндегі атысқа қатысты пікір білдірді

Өмір-өзен 20.09.2021, 11:04 820
Асхат Аймағамбетов Пермь университетіндегі атысқа қатысты пікір білдірді
Сурет: Ar.egemen.kz

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ресейдің Пермь университетіндегі атысқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Пермь университетінде атыс салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Қазан қаласындағы теракт кезінде жақындары қаза тапқандардың жан жаралары әлі де жазыла қойған жоқ. Бүгінгі оқиға жығылғанға жұдырық болып отыр. Бұл қайғылы оқиғалар еліміздегі мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздікті күшейтудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Оқу орындарының әрбір басшысы балаларды қорғау мәселесіне басымдық беруі тиіс», - деді министр. 



Сондай-ақ ол сөзінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтіп, бұл мәселе Үкімет отырысында егжей-тегжейлі қаралып, әкімдіктерге тапсырма берілгендігін жазды. Сондай-ақ ЖОО басшылығына оқу корпустары мен жатақханаларда қауіпсіздікті күшейту керектігі айтылды. 


Бұл тапсырмалар – жабдықтарды түгендеу, жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосуды қамтамасыз ету, ЖОО кіру режимін күшейту және төтенше жағдай туындаған кезде қабылданатын іс-қимылдар бойынша сабақтар өткізу.


 



Қазіргі уақытта министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша құжат әзірледі. Осы нормативті-құқықтық актіні талқылау барысында 2000-нан астам сұрақ пен ұсыныс келіп түсті. Бұл құжат кейбір азаматтарды алаңдататынын білеміз. Олар дабыл батырмаларын, бейнебақылау жүйесін, турникеттерді орнатуға және төтенше жағдайдағы оқу-жаттығулар өткізуге қарсы екендігін жазды. 



Мен бұл ережелердің балаларға қауіп төндірмейтінін, керісінше, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталғандығын мәлімдеймін. 


Әрбір білім беру ұйымында барлық қауіпсіздік шарасы қабылдануы қажет. Әкімдіктер бұл мәселені кешенді шешу үшін қосымша қаражат бөлуде. 


Атап айтқанда, бейнебақылау камерасын, күзет сигнализациясы мен жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосу, өткізу режимі ұйымдастыру және қауіпсіздік жүйесінің басқа да элементтері қарастырылмақ. 


Қызметкерлер мен оқушылар техникалық шаралардан бөлек, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алогоритмін білу қажет. 


Сонымен қатар білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту де басты назарда болу керек. 


Біз бұл мәселелерге ерекше көңіл бөлеміз», - дейді Асхат Аймағамбетов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #Қазақстан #Ресей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Кеше 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Кеше 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Кеше 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Кеше 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Кеше 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика