AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Армияның тактикалық-саптық сабақтары қорытындыланд...

Армияның тактикалық-саптық сабақтары қорытындыланды

Мұны білген жөн 08.12.2021, 13:45 1,925
Армияның тактикалық-саптық сабақтары қорытындыланды
Сурет: Gov.kz

Жаңа оқу кезеңі басталғанда жауынгерлік даярлықтан дәстүрлі түрде өткізілетін тактикалық-саптық сабақтардың қорытындысы шығарылды


ҚР Қорғаныс министрлігінің дерегінше, сабақтар үрдісіне сәйкес, әскерлер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Жеке құрамды хабардар ету, басқару пункттерін жабдықтау, өзара іс-қимыл және жан-жақты қамтамасыз ету, сондай-ақ бөлімшелерді әскери қолдануға белгіленген аудандарға жіберу мәселелері пысықталды. Штаттық киім-кешектің, байланыс құралдарының, жеке қорғаныс құралдарының, түнгі аспаптардың, нысаналардың және басқа да әскери мүліктің саны мен жай-күйі тексерілді.



Әскери бөлімдердің басшылығы әскери бөлімдерге, базаларға, әуеайлақтар мен әскери қалашықтарға шабуыл жасау кезінде бөлімшелердің, кезекші күштер мен құралдардың ұшқышсыз ұшу аппараттарына және шартты қарсыластың диверсиялық топтарына қарсы іс-қимыл жасауға дайындығын арттыруға ерекше назар аударды.


Жауынгерлік даярлық апталығының іс-шаралар кешенінде Қорғаныс министрлігі басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың басқару органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелеріне назар аударды.


Сонымен, Бас штабта, өңірлік қолбасшылықтарда және Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ҰҚК Шекара қызметінің жедел топтарымен мемлекеттік шекараны күшейту бойынша бірлескен іс-қимылдар нақтыланып, іс жүзінде пысықталды. Мемлекеттік күзет қызметінің лауазымды адамдарымен Қарулы Күштердің бөлімшелерін стратегиялық маңызды объектілерді күзетуге және қорғауға тарту тәртібі үйлестірілді. ҚР Ұлттық ұланының өкілдерімен бірлесіп, міндеттерді орындауға жұмылдырылатын күштер мен құралдардың әзірлігін қарады.


Деструктивті ұйымдардың лаңкестік іс-әрекетінен төнетін қауіптер мен тәуекелдердің артып келе жатқанын ескере отырып, Қарулы Күштерді терроризмге қарсы операцияларда қолдану мәселелері пысықталды. Лауазымды адамдар әскерлердің қозғалу бағыттарын, қаруды қолдану тәртібін, объектілерді, тосқауыл бекеттерді, байланысты ұйымдастыруды және дабылды басқару, тамақтандыру, медициналық қамтамасыз ету, бөлінетін жеке құрам мен техниканың санын нақтылады.


Аумақтық қорғаныс бригадаларының басшылығы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалардың салдарын жоюда ТЖМ бөлімшелерімен өзара іс-қимыл ұйымдастырды.


Әскери басқару органдарында бірлескен штабтық жаттығу өткізіліп, оның барысында қауіп-қатер артқан жағдайда әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері пысықталды.


Бұл шаралардың бәрі Қарулы Күштер бірлестіктерінің, құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдармен жедел үйлесімділігін анықтауға мүмкіндік берді.


Жергілікті әскери басқару органдарымен әскерге шақыруды ұйымдастыру және жұмылдыру ресурстарын жеткізу бойынша ауқымды жұмыс көлемі жүргізілді.


Биыл 2 желтоқсанда Қазақстанның Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталғаны осыған дейін де айтылған болатын. 2022 оқу жылына даярлық барлық санаттағы әскери қызметшілердің белгіленген міндеттерін орындаудағы әзірлігін арттыруға, әскердің одан әрі кәсіби өсуіне бағытталған. Жауынгерлік даярлық шараларының 80 мыңнан астам түрін өткізу, яғни оқу-жаттығулар, іс жүзіндегі оқ атулар, парашютпен секіру, жаттығу ұшулары, бөлімшелердің далалық жорықтары, кемелердің теңізге шығулары және жауынгерлік машиналарды жүргізу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Армия #тактика #саптық #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);